0
  • Мектептегі білім беру
Онлайн

Андреас Шляйхер

ЭЫДҰ-ның (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) Білім және дағдылар жөніндегі директоры , PISA білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның басшысы, Франция

Андреас оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның (PISA) және білім беру саясаты мен практикасын енгізу және қайта құру мақсатында әртүрлі елдер мен мәдениеттердегі саяси қайраткерлерге, зерттеушілер мен оқытушыларға арналған жаһандық платформаның негізін қалаған басқа да халықаралық құралдардың бастамашысы әрі жетекшісі.

Ол 20 жылдан астам уақыт бойы білім берудегі сапаны мен теңдікті арттыру мақсатында бүкіл әлем бойынша білім беру саласындағы министрлермен және басшылармен жұмыс істеді. АҚШ-тың бұрынғы білім министрі Арне Дункан Шляйхер «жаһандық мәселелер мен қиындықтарды мен кездестірген адамдардай, мүмкін, тіпті олардан да жақсырақ түсінеді және ол маған шыңдықты айтады» деді (The Atlantic журналы, 11 шілде). Ұлыбританияның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майкл Гоув Шляйхерді «ағылшын білім беру саласындағы ең маңызды адам» деп атады — оның неміс бола тұрып, Францияда тұратындығына қарамастан.

ЭЫДҰ-ға кіргенге дейін ол Халықаралық білім беру саласындағы жетістіктер қауымдастығының талдау жөніндегі директоры болды. Ол Германияда физиканы оқып, Австралияда математика және статистика бойынша ғылыми дәреже алды. Ол көптеген сыйлықтар мен марапаттардың, соның ішінде «Теодор Хойс» сыйлығының, ГФР тұңғыш президентінің «Үлгілі демократиялық белсенділігі» үшін сыйлығының лауреаты, Гейдельберг университетінде құрметті профессорлық лауазымға ие.

Выступления спикера
8 желтоқсан, 14:50 - 15:30
Онлайн
  • Мектептегі білім беру
Канал 3
Мектептегі оқу жетістіктерін бағалаудың болашағы: PIRLS, TIMSS, PISA, ICT трендтері

Әртүрлі елдердегі білім беруді дамыту мамандары бірнеше ондаған жылдар бойы оқушылардың академиялық жетістіктерін объективті бағалау жолдарын табу...

#
Номинация