0
#
  • Мектепке дейінгі білім беру
  • Мектептегі білім беру
  • Жоғары білім
  • Корпоративтік оқыту
  • EdTech
Алматы, Rixos Hotel Almaty

Кеңес Рақышев

Fincraft Group холдингінің президенті, Қазақстан

Қазақстанның ең маңызды кәсіпкерлерінің бірі, табысты бизнесмен, меценат, қоғам қайраткері және тәжірибесі көптеген ірі жобаларды табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берген венчурлық инвестор.

1979 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000), Қазақ экономикалық университетін (2002), Oxford Said Business School (2007) ағылшын мектебін бітірген.

2000-2002 жылдар аралығында "Тұран Әлем Банк", "ҚазТрансГаз", Intergas Central Asia мекемелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 жылы «"Қазмұнайгаз" Сауда Үйі» АҚ компаниясында экспорт жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары болды. 2003-2004 жж. — "ҚазТрансГаз" АҚ-ның маркетинг және коммерция жөніндегі бас директорының орынбасары. 2004-2005 жылдар аралығында "Меркурий" ЖШС-ның бас директоры болды. 2006 жылдан — "FincraftResources" АҚ-ның (бұрынғы "SAT & Company" АҚ) Директорлар кеңесінің басшысы. 2014 жылдан 2018 жылға дейін — "БТА Банк" АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы. 2015 жылдан 2017 жылға дейін — "Казкоммерцбанк" АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі, кейін Директорлар кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың 28 тамызынан бастап «"Казимпэкс" республикалық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді және қазіргі уақытта тәуелсіз директор болып табылады. 2018 жылдың қараша айынан бастап "Fincraft Group" ЖШС компаниясын басқаруға қатысады, оның ішінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап бірінші басшы болып табылады. 2019 жылдың 09 қазанынан — Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ КЕАҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. 2019 жылдың 27 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.

Выступления спикера
7 желтоқсан, 09:30 - 10:10
Алматы, Rixos Hotel Almaty
#
Номинация