0
  • Мектепке дейінгі білім беру
Онлайн

Татьяна Филиппова

Ресей білім беру академиясының Жасерекшелік физиологиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Ресей

Татьяна Андреевна Филиппова педагогикалық институттың биология факультетін бітіргеннен кейін 1979 жылдан бастап Ресей білім академиясының Жас ерекшелік физиологиясы институтында жұмыс істейді.1989 жылы «Жыныстық жетілу кезеңінде гипоталамус-гипофизарлы-тиреоидты жүйеде қарым-қатынастың қалыптасуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1995 жылдан бастап Татьяна Андреевна ғылыми жұмысты педагогикалық қызметпен ұштастырып келеді: Мәскеудің солтүстік-батыс округінің «Хорошево» балалар мен жастардың шығармашылық сарайында 5-7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалармен дамыту сабақтарын жүргізеді.Осы жылдар ішінде 800-ге жуық бала мектепке дейінгі дайындықтан ойдағыдай өтті.

1997 жылдан бастап Татьяна Андреевна Марьяна Михайловна Безрукихпен бірге мектеп жасына дейінгі ересек балалармен жұмыс жасауға арналған оқу-әдістемелік жиынтықтар —дамытушылық тапсырмалар құрастырумен айналысады:

- «Дрофа» баспасының «Мектепке қадамдар» оқу-әдістемелік кешені балалардың мектептегі маңызды функцияларын дамытуға арналған 13 жұмыс дәптерін қамтиды: көзбен қабылдау, көру-моторлық координация, нәзік-үйлесімді қозғалыстар, сөйлеу, есте сақтау, ойлау. Қазіргі уақытта жаңа жұмыс дәптерлерін құру жұмыстары жалғасуда: «Сауаттылыққа қадамдар» және «ОӘК-де қолданыланылған әдеби шығармалар хрестоматиясы».

- 4 жұмыс дәптері бар әліппе және 8 атаудан тұратын «Мектепке дейінгі балаларға арналған шағын энциклопедия» кітапшалар топтамасы:«Үй жануарлары»,«Көкөністер мен жемістер»,«Мамандықтар», «Көлік», «Уақыт. Апта күндері. Жыл мезгілдері», «Уақыт. Сағат», «Киім және бас киімдер», «Мерекелер».

1999 жылдан бастап Ресейдің 27 аймағында 3 бөлімнен тұратын «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» білім беру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда:6-8 жастағы балалар үшін («Дұрыс тамақтану туралы әңгіме»), 9-11 жастағы балалар үшін («Денсаулық лагерінде екі апта») және 12-14 жастағы балалар үшін («Дұрыс тамақтану формуласы»). Осы бағдарлама авторларының бірі-Татьяна Андреевна.

2002 жылы Татьяна Андреевна Марьяна Михайловна Безруких және Александра Германовна Макеевамен бірлесіп, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қарадан басқа барлық түстер» атты нашақорлықты бастапқы педагогикалық алдын-алу бағдарламасын жасады (2-сынып үшін — «Мен өзімді түсінуді үйренемін» ; 3-сынып үшін — «Басқаларды түсінуді үйренемін»; 4- сынып үшін —«Араласуды үйренемін»; 5 -сынып үшін— «Мен өз қабілеттерімді танудамын»; 6-сынып үшін— «Мен өзімді басқаруды және адамдармен ынтымақтасуды үйренемін»).

Соңғы 10 жыл ішінде Татьяна Андреевна Ресейдің 54 аймағында 300-ден астам авторлық семинарлар өткізді. Татьяна Андреевна Ресей білім академиясының Жас ерекшелік физиологиясы институтында педагогтар, психологтар, білім беру басқармаларының қызметкерлері үшін наурыз-сәуір айларында өткізілетін жас ерекшелік физиологиясы бойынша жыл сайынғы мектеп-семинардың тұрақты белсенді қатысушысы болып табылады.
Мектеп-семинарға қатысушылар авторлық семинарды тыңдап қана қоймай, балалармен өткізілетін сабақтарға да қатыса алады.

2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өсу, даму және оқуда әртүрлі мәселелері бар балалардың ата-аналар жүгінетін Балалардың дамуын диагностикалаудың консультативтік орталығының жұмысын басқарады

Татьяна Филиппова ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді: 70 астам еңбектер жарияланған, оның ішінде 25 ғылыми және 45 оқу-әдістемелік. Ғылыми жұмыс нәтижелері туралы ол бірнеше рет ғылыми конференциялар мен съездерде: КСРО физиологтарының съездерінде, ТМД физиологтарының съезінде баяндама жасады.

Выступления спикера
7 желтоқсан, 10:40 - 11:20
Онлайн
  • Мектепке дейінгі білім беру
Канал 2
Kids UpSkills: бағыт өзгертілді, ертеңге бұрылыңыз!

Бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар жыл сайын артып келеді. 20 жыл бұрын, бірінші сыныпты аяқтар кезде бала 25 сөзден тұратын диктант...

#
Номинация