Готье Ван Мальдерен

Perlego-ның негізін қалаушы және бас директоры, Ұлыбритания

2016 жылы Кембридж Джадж бизнес-мектебінің кәсіпкерлік магистрі дәрежесін алып жатқан кезде Готье Ван Мальдерен керемет ойға келді. Ол өз телефонынан Spotify арқылы музыка тыңдап, Netflix-тен фильм көре алады, бірақ оқулық қажет болып қалса, оны сатып алу немесе кітапханадан табу қиынға соғады. Сол сәтте кітап та дәл музыка, фильмдер немесе басқа да мәліметтер секілді қолжетімді болуы керек деген идея пайда болды. Кітаптар кез-келген жерде, кез-келген уақытта жеңіл табылатын, әрі арзан болуы тиіс. Кейін ол кітаптарға жазылу жүйелері ашылмағанына көз жеткізді. Осылайша Perlego (латын тілінен - “мен оқимын” немесе “мен сканерлеймін” деп аударылады) — кітаптарға арналған Spotify секілді қызмет пайда болды.

Perlego компаниясының негізін 2016 жылы Готье Ван Мальдерен мен Мэтью Дэвис қалады. Екеуі де - Бельгия тумалары, екеуі де кітап құнының шарықтап бара жатқан инфляциясына наразы болатын. Олар университеттің қымбат оқулықтарына балама ойлап тауып, баспагерлерге нарықтағы қарақшылық кесірінен айырылып қалған үлестерін қайтарып бергісі келді. Perlego құрылғанға дейін бизнес пен экономика саласында екі академиялық білімі бар Ван Мальдерен 2 компания ашып үлгерген, ал, Дэвистің бағдарламалық қамсыздандыру технологиялары мен веб-сайттар жасау саласында мол тәжірибесі болды.

Perlego — академиялық, кәсіби және ғылым саласында танымал электрондық кітаптарды ұсынатын цифрлық онлайн-кітапхана. Бұл қызметке жазылған адамдарға жазылу мерзімі аяқталғанша кітапханадағы барлық кітаптар шектеусіз қолжетімді болады. Evening Standard Perlego-ға «кітаптарға арналған Spotify» деген атақ берді. Бүгінгі күні компанияға 75 миллион доллар тартылған. Perlego Лондонда орналасқан, бірақ оның қызметін АҚШ нарығынан бөлек, бүкіл әлемдегі қолданушылар пайдалана алады.

Спикердің сөйлеген сөздері
24 қараша, 11:00 - 11:50
Novotel Almaty, Calipso  B
24 қараша, 12:00 - 12:50
Novotel Almaty, Calipso  B
#
Номинация