#

Игал Розен

BrainPOP-тың академиялық директоры, АҚШ

Игал — BrainPOP компаниясының академиялық директоры. Ол BrainPOP өнімдерін қолдану кезінде оқытудың нәтижесі жоғары, академиялық жетістіктері жақсы болуына септігін тигізетін зерттеу жұмыстарымен айналысады. Игал мен оның командасы адамдарға бағытталған AI/ML технологиялары мен бағалау жүйесінің дизайнын әзірлеп, BrainPOP өнімдерінің барлығына сараптама жасап, тиімділігін зерттейді.
Сондай-ақ, Игал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ЗТА студенттерінің білімін халықаралық бағалау (PISA) 2022 бағдарламасына арналған шығармашылық ойлауды бағалаудың алғашқы ғаламдық жүйесін жасауға және LEGO Қорындағы Super Skills Lab зерттеу жобасына жетекшілік етеді.

BrainPOP-қа келгенге дейін Игал Гарвард университеті, Pearson мен ЗТА-да зерттеу және әзірлеу топтарына жетекшілік етті. Игалдың зерттеу жұмыстары мен жобаларына мемлекеттік ұйымдар, білім беру және технологиялық компаниялар мен өнеркәсіп ошақтары қолдау көрсеткен, олардың арасында Apple, Microsoft, Intel, LEGO Foundation, АҚШ-тың Ұлттық ғылым қоры мен АҚШ Білім беру министрлігі (NAEP-National Assessment of Educational Progress) бар.

Игал Гарвард университетінің Жоғары білім беру мектебінде технологияларды қолдана отырып, бағалау жүйесінің дизайнынан дәріс оқыған, оған қоса, 10 жылдан астам уақыт 5-12 сыныптарға математика, физика және информатика пәндерінен сабақ берген.
Ол Хайфа университетінде (Израиль) оқыту мен өлшеу саласының Ph. D. дәрежесін алып, бұл оқу орнындағы доктор дәрежесінің ең жас иегері атанған. Гарвард университеті мен Тель-Авив университетінің постдокторанты болды.
100-ден астам рецензия жазылған жарияланым авторы, «Шынайы өмірдегі дағдыларды дамыту үшін технологиялық құралдарды зерттеу анықтамалығының» жетекші редакторы.

Спикердің сөйлеген сөздері
24 қараша, 14:00 - 14:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Ballroom
  • Мектептегі білім беру
Панельді пікірталас
Канал 4
Оқудағы жетістіктердің болашақта бағалануы: PIRLS, TIMSS, PISA, ICT трендтері

Оқушыларды бағалаудың халықаралық жүйелері мемлекеттерден бастап, алдыңғы қатарлы мектептерге дейінгі барлық деңгейдегі білім беруді басқаруға...

#
Номинация