EdCrunch
деген не?

EdCrunch — білім беру саласындағы жаңа технологиялар бойынша 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Еуропадағы ірі конференция.

Конференцияға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар қатысады. Әрқайсысының атқаратын маңызды рөлі бар, олар — жаңа технологияларды қолдана отырып, даму жолдарын іздейтіндер мен өзгелерді оқытып үйрететіндердің арасында озық идеяларды тарату үшін бір-бірін толықтырып, жұмыла әрекет етіп жүрген — мұғалімдер мен саясаткерлер, зерттеушілер мен жоба дайындаушылар.

қатысушылар
саны

Жылдан жылға конференцияға деген қызығушылық арта түсіп, қатысушылар саны көбеюде. 2020 жылы аралас форматтағы іс-шараларға қатысқандардың саны, 2019 жылмен салыстырғанда, 3 есе артты.

  • 2 000
    2014
  • 2 270
    2015
  • 3 000
    2016
  • 4 000
    2017
  • 4 525
    2018
  • 5 000
    2019
  • 14 401
    2020
  • 11 342
    2021

EDCRUNCH
мақсаты

Ақыл-ойдың ширақтығын сақтап, сұранысқа ие маман болу үшін өмір бойы жаңаны оқып үйренуге көмектесу және ынталандыру.

#

"Біз әдіскерлер, жоба дайындаушылар, психологтар, дизайнерлер, продюсерлер, педагогтар және басқа да кәсіпқой мамандар арасындағы өзара әрекеттестікті күшейткіміз келеді және бұл оқытудың тамаша нәтижелеріне әкеледі деп сенеміз".

Нұрлан Қиясов,
EdCrunch конференциясының негізін қалаушы

edcrunch
аудиториясы

EdCrunch жалпы, жоғары және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдерін, мұғалімдерді, педагогтарды, IT-компаниялар мен корпоративті университеттердің жетекшілерін, HR-директорлар мен L&D-мамандарды, сонымен қатар инвесторларды, кәсіпкерлер мен ата-аналарды біріктіреді.

2021 жылғы мәліметтер статистикасы
  • 30%
    K-12
    Мектептегі
    білім беру
  • 25%
    HE
    Жоғары
    білім беру
  • 20%
    EDT
    EdTech
  • 15%
    HR
    Корпоративтік
    оқыту
  • 10%
    KIDS
    Мектепке дейінгі
    білім беру
100%

Ұйымдастырушылар

  • "МИСиС" ҒЗТУ

    Елдегі анағұрлым серпінді дамып келе жатқан ғылыми білім беру орталықтарының бірі. Ресейдегі технологиялық білім берудегі көшбасшылардың қатарына кіретін "МИСиС" ҒЗТУ толыққанды зерттеу орталығы болып табылады. QS World University Rankings нұсқасы бойынша бұл университет әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының топ-450 қатарына кіреді, "Тау-кен ісі Инжиниринг" (QS рейтингі) және "Инжиниринг-Металлургия" (ARWU рейтингі) категорияларында топ-100 қатарына, ал материалтану саласында 101+ тобына кіріп (QS рейтингі), пәндік рейтинг бойынша бірден 16 бағытта жетекші позицияға ие.

  • "Ашық мектеп" білім беру онлайн-платформасы

    "Ашық мектеп" онлайн-платформасы — мектеп бағдарламасы пәндерін интербелсенді форматта оқуға бағытталған, мектеп мұғалімдеріне, оқушылар мен жетекшілерге арналған цифрлық білім беру платформасы. Онлайн-платформа математика, физика, химия, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі, география, биология, қоғамтану, әдебиет, татар тілі бойынша 8 000-нан астам анимациялық ролик кіретін интербелсенді тесттер мен тапсырмалары бар 2 015 сабақтан тұрады. Ай сайын онлайн-платформаға шамамен 20 сабақ пен 500 интербелсенді тапсырмалар жүктеліп отырады. Физика, химия, биология және математика пәндері бойынша компьютерлік симуляторлар бар. Платформа Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындау үшін БМЕ (ЕГЭ)-тренажерын іске қосады.

#
Номинация