EDCRUNCH
тарихы

Жыл сайын жергілікті іс-шарадан бастап жаһандық алаңға дейін білім беру саласында соңғы үлгідегі цифрлық технологиялардың ең үздігін ұсынады.

#
2014

Алғашқы EdCrunch

2011 жылы Стэнфорд жанында Coursera іске қосылды, бұл бізді онлайн білімді дамыту қажет деген ойға жетеледі.

"МИСиС" ҒЗТУ-дың әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов басқа университеттердегі әріптестерімен бірлесіп, ресейлік білім беру платформасын құру идеясын белсенді түрде алға тартты. Бірақ ешкім бұл мәселені елемеді, университеттер ғасырлар бойы оқытып келген, әлі де оқыта береді деді. EdCrunch конференциясын ұйымдастыру идеясы үкіметке біздің көп артта қалып кеткенімізді көрсету мақсатында пайда болды.

EdCrunch конференциясы — біздің көп артта қалғанымызды меңзейді.

Оңай болған жоқ

Біз алғаш рет конференция ұйымдастырмақшы болғанда спикерлерге визаны қалай жасау керектігі, іс-шаралар өткізу барысында трансляция үшін құрал-жабдықтарды қайдан алуға болатындығы, қатысушыларды қалай жинау керектігі сынды нәрселердің ешқайсысын білмедік. Алғашқы кездері қаражатымыз да көп болған жоқ, сондықтан біздің алдымызда жарнаманы сатып аламыз ба, әлде баннерлерді басып шығарамыз ба, әдемі жиһаз қоямыз ба, әлде тағы бір спикерді шақырамыз ба деген таңдайтын жайттар көп кездесті.

#
0 ₽ демеушілер
қаржысын тарттық
1 500 адам "МИСиС" ҒЗТУ алаңында
орналастырылды
#

Аркадий Дворкович,
"Сколково" Қорының төрағасы,
Ресей Федерациясы Үкіметі
төрағасының бұрынғы орынбасары

Бәрі қолымыздан келді

Нәтижесінде, бүкіл басшылықты жинадық, спикерлерді шақырдық, олардың қатарында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары да бар. Coursera негізін қалаушы Дафна Коллерді, аустралиялық OpenLearning негізін қалаушысын және неміс Iversity негізін қалаушысын видео байланыс арқылы қатыстырдық.

Дафна Coursera-ны пайдаланушылардың 10% — Ресей студенттері екендігіне айрықша тоқталды. Бұл қатысушылардың барлығын таң қалдырды. Министрлер қызғанып, стартаперлар қызығып кетті, Нұрлан болса терең дем алды — Ресейде онлайн-білім беруді дамытатын уақыт жеткендігін бәрі түсінді. Осылайша, біз EdCrunch-тың бірінші конференциясы көмегімен басшыларымызды иландырдық және ресейлік білім беру платформасын іске қосуды бастадық.

2015

Екінші EdCrunch —
Ұлттық ашық білім беру
платформасын іске қосамыз

Ашық білім берудің Ұлттық платформасын құру идеясы EdCrunch-тың бірінші конференциясы кезінде "МИСиС" ҒЗТУ қабырғасында пайда болды. Бізді жетекші жеті жоғары оқу орны қолдады. Үкімет тарапынан қолдау қажет болғандықтан, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігіне жүгіндік.

Күллі жобаның мақсаты — білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, оларды анағұрлым икемді және өзекті етіп құрастыру.

#

8 EdCrunch-тың арқасында
жоғары оқу орны ҰАББП (НПОО)-ның негізін қалады.


Жетекші 8 жоғары оқу орнының өкілдері Ұлттық ашық білім беру платформасының құрылғандығы туралы құжатқа қол қойды.

2015 жылдың 14 қыркүйегі

500 курс ҰАББП-да
2020 жылғы карантин
басталғанға дейін өткізілді

Платформадағы барлық курстар ФМББС талаптарына толық сәйкес келеді — бұл оларды Ресейдегі кез-келген университеттің оқу жоспарына енгізуге болатындығын білдіреді. Студенттер пәндерді онлайн режимінде оқып, содан кейін өз ЖОО-ларында қайта тапсыра алады. Мысалы, егер студент политехтен педагогикалық ЖОО-ға ауысса, ал академиялық айырмашылық пәндерінің қатарында психология бар болса, онда ол ҰАББП-да жетіспейтін пәнді оқып, жаңа мамандық шеңберінде сынақтан қайта өте алады.

Басқа қандай
қызықтар болды?

Coursera-ның негізін қалаушы Дафна Коллер алғаш рет Мәскеуге жеке өзі келді.

Мектептегі білім беру бағыты бойынша трек іске қосылды — конференцияға университеттер мен EdTech стартаптарының өкілдерінен бөлек Ресейдің түкпір-түкпірінен мұғалімдер, оқу ісінің меңгерушілері мен мектеп директорлары қатысты.

500 мұғалім, мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері
конференцияға тегін қатысты

#
2016

Үшінші EdCrunch
және үш жаңа бағыт

Мектепке дейінгі білім беру. Конференцияға мектепке дейінгі білім беру саласына қатысы бар адамдар келе бастады: жеке меншік балабақшалардың, үйірмелер мен дамыту орталықтарының өкілдері.

Білім беру кеңістігінің архитектурасы мен дизайны. Ресейде болашақ мектептері — "Летово", "Хорошкола" және "Новая школа" ашылды. Сол кезде өзімізге "Заманауи мектеп қандай болуы керек?" деген сұрақ қойдық. Біз бүкіл әлемнен үздік тәжірибелер туралы айтып беретін сарапшыларды шақырдық.

"Летово" мектебінің жобасын жасаған "Атриум" бюросының бас сәулетшісі Анна Шапиро — EdCrunch 2016-ның спикері.
#

Ресейде миллиардерлер, мемлекет қайраткерлері мен энтузиастар мектептер салуда. Бұл мектептерде медиа орталықтар мен видео орталықтар бар, сыныптарда дивандар мен пуфтар тұр, ал сабақтарда тұрып та, жатып та жұмыс істеуге болады.

Корпоративтік оқыту. Өз қызметкерлеріне арнап үздіксіз оқытуды ендіріп жүрген МТС, "Сбербанк", "Ростех" және басқа да компаниялардың корпоративті университеттерінің директорларын бір алаңда жинадық.

Қатысушылар екі күн бойы кәсіби білім берудегі инновациялар тақырыбындағы қызықты баяндамалар мен ашық пікірталастарды, жетекші халықаралық компаниялардың воркшоптарын тыңдады.

Тартымды спикерлер

#

Джимми Уэйлс,
Wikipedia негізін қалаушы.

Вики-қоғамдастықтың кітапханасы мен қағидалары туралы әңгіме өрбітті.

#

Доктор Уильям Ранкин,
Apple жаһандық білім беру бойынша экс-директоры.

Конференция қатысушыларына балаларды гаджеттерді ойын-сауық үшін ғана емес, оқу үшін де пайдалануға үйрету керектігін айтты. Құрылғылар кез-келген басқа заттар сияқты зиянды болуы мүмкін.

Горький саябағындағы EdCrunch Night

Конференцияның бірінші күні Горький саябағындағы шоумен аяқталды. Конференция қатысушылары үшін Uma2Rman тобы өнер көрсетті, ал іс-шараны Александр Пушной жүргізді.

2017

Төртінші EdCrunch —
жаңа алаңға көшу,
көрме және үлкен сәтсіздік

Халықаралық сауда Орталығында бір уақытта 11 зал жұмыс істеді, олардың әрқайсысында спикерлер сөз сөйледі: бірі мектеп туралы, бірі ЖОО туралы, бірі білім саласындағы бизнес туралы — жаныңызға не жақын, соны таңдаңыз.

#

864
билетті ЖОО мен мектептер конференция үлкен алаңға көшкеннен кейін тегін алды.

EdCrunch мемлекет пен EdTech-бизнес арасындағы дәнекерге айналды.
Мұнда Білім министрімен кофе ішіп, ИТМО ректорымен прокторинг қызметін талқылауға болады.

Дәнекер
көрме

EdCrunch Expo 2017 көрмесінде қатысушылар білім беру қарарларының интеграторларымен және жеткізушілерімен танысып, серіктестер тауып, келісімшарттарға қол қойды.

#

Үлкен сәтсіздік, неге ойдағыдай болмады?

  • Конференцияға екі ай қалғанда жұмыстың
    50%-на жауапты қызметкер жұмыстан шығып кетті.

    #
    Нақтылауды қажет ететін тағы да миллиондаған сұрақтар.

    Бұл - эстафетаны қабылдап, көзі шарасынан шыққан қызметкер

  • Конференцияның негізін қалаушы Нұрлан Қиясов конференцияның басталуына бір күн қалғанда барлық навигацияны қайта жасаңдар деді, өйткені тіпті қызметкерлердің өздеріне де мұндай күрделі жоспарланған үлкен алаңға үйренісу қиын болды. Қызметкерлер түні бойы ұйықтамай, таңертең баспахана тауып, ақпараттық стендтерді басып шығарып, қайта іліп шықты.

    #
  • Халықаралық сауда орталығының жерасты дәліздерін жақсы білмейтінбіз, сондықтан біз Аркадий Дворкович, Игорь Рыбаков және Андрей Фурсенко бәріміз адасып кеттік. Аркадийге сөз сөйлеуге бар-жоғы 20 минут уақыт бөлінген еді, оның 10 минутын жер астында жол іздеумен өткізіп алдық.

    Сахнаға қалай шығу керек еді

    #

    Ал біз қалай шықтық

    #

    Навигацияны идеалға жеткізбегендіктен бе, әлде ұйқымыз қанбағандықтан ба?

  • Конференцияның жабылуында сөз сөйлейтін спикердің рейсі кешіктірілді.
    Басқа спикер іздеудеміз.

    • #
    • #
    • #
    • #
  • Ғарыштағы Гагариннің оқиғасындай тағы да он бір күтпеген жағдай.

Не нәрсе керемет болды

#

Парижден Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім беру мәселелері жөніндегі директоры Андреас Шляхер ұшып келді. Ол болашақтың табысты білім беру жүйесі қандай болуы керек екенін баяндады.

"Заманауи цифрлық білім беру ортасы" атты басым жобаны іске қостық

#

Осы маңызды жобаның арқасында "бір терезе" ресурсын іске қосу және оқытудың жеке траекториясына көшу мүмкін болды.

#
#
2018

Бесінші Edcrunch —
воркшоптар мен EdTech
дара бағыт ретінде

Қателіктерді қайталамас үшін біз конференцияның басқару құрылымын өзгерттік: бізбен бұрыннан келе жатқандар сахна артындағы бас кейіпкерлер болып қала берді. 5 жыл ішінде біз конференция өткізуді бастан аяқ білетін, өздеріне жауапкершілікті көбірек алатындарды өсіріп дайындадық. Мысалы, бұрын ашылу салтанатын кім ұйымдастырып жүрген болса, енді сол адамдар конференцияның бүкіл ойын-сауық бағдарламасына жауап беретін болды.

#

Кәсіпкерлер тәжірибе алмасып, білім беру нарығын, технологиялар мен инвестицияларды талқылауы үшін EdTech трекін жеке бағыт ретінде іске қостық.

Воркшоптарды іске қостық, онда сарапшылар қатысушыларды тексерілген тәсілдермен, әдістемелермен, қызметтермен таныстырды және олардың кәсіби міндеттерді шешуге бейімделуіне көмектесті.

19 спикер
23 воркшоп өткізді

#

EdCrunch 2018-ге тағы кімдер келді?

#

Джош Берсин, Josh Bersin Academy негізін қалаушы.

Оның EdCrunch 2018-ге келуінің арқасында HRCrunch — HR-директорларға
арналған бір күндік бағдарламасы іске қосылды.

#

Энтони Сальсито, Microsoft жаһандық білім беру вице-президенті.

Біз төрт жыл бойы келіссөздер жүргіздік, тіпті Энтониді Лондонда іздеп жүріп тауып алдық. Ақыры, ол 2018-де келді.

2019

Алтыншы EdCrunch —
үздік спикерлер, GESA,
ғажайып шоу

EdCrunch 2019-ға жылдар бойы шақырып жүрген спикерлердің бәрі бірден келді.

  • #

    Бен
    Нельсон

    Minerva негізін қалаушы, бас директоры

  • #

    Тим
    О’Рейли

    O’Reilly Media, Inc. негізін қалаушы, бас директоры

  • #

    Паси
    Сальберг

    Финдік білім беру жүйесінің әлем мойындаған авторы, «Фин сабақтары 2.0» бестселлерінің авторы, Гарвард университеті мен Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің профессоры

  • #

    Чарльз
    Фадель

    Гарвард университетінің редизайн орталығының негізін қалаушы, "Төрт өлшемді білім беру" кітабының авторы

Бағдарламаны қайта өңдеп,
шоу мен реалити қостық

Ашылу салтанатында спикерлерді командаларға топтастырдық — "Мемлекет", "Болашақ университеті" және "Бизнес". Қонақтар командаларға қитұрқы сұрақтар қойып, ал командалар қолдарынан келгенше сытылып шығуға тырысып бақты.

#

Он жасар бала "Мектепке барғым келмейді, кәсіпкер болғым келеді, неге мен мектепке бару керекпін?" — деп сұрады.

Болашақтағы білім беру туралы перформанс-қойылым қойылды. Бас кейіпкер — қарапайым мұғалім, оны да бәріне ортақ күмән мен алаңдаушылық мазалайды: бәрін "Гугл"-дан табуға болатын дәуірде қалай қажетті адам болуға болады? Фиджитал ұрпағын не қызықтырады?

#

Танымал ресейлік әзіл-сықақшы
Дмитрий Романовты шақырдық

#

"Білімді кітаптың көмегімен алуға тырысамын, көп оқимын, өз-өзімді дамытумен айналысамын. Жақында "Думай как миллиардер" деген кітапты оқып бітірдім‎. Кейін кітап дүкенінде жүріп, "Думай как миллионер"‎ деген кітапты көріп қалдым. "Бұл деңгейге түскім келмейді. Мен енді миллиардер сияқты ойлаймын ғой" деп ойладым‎".

Танымдық брендинг

#

Біз EdCrunch-та айналамыздағылардың барлығын танымды етуге ұмтыламыз. Егер плакат болса, спикерлердің дәйексөздері, егер пресс-волл болса, жәй ғана логотиптердің өрнегін емес, қызықты фактілерді келтіреміз.

Барбара Окли мен
Татьяна Черниговская арасындағы баттл

Бір тақырып — екі ғалым, екі қарама-қарсы көзқарас. Алғаш рет сахнада кездесіп, дауласуға ешқандай себеп таппады!

# Татьяна Черниговская Барбара Окли

Сарапшыдан кеңес:
"Жаттағаныңыз гиппокамптан ұзақ мерзімді жадыға көшу үшін — емтихан алдында ұйықтап алыңыз. Бұл процесс ұйқысыз жүрмейді".

Барбара мен Татьяна мидың қалай жұмыс істейтінін талқылады, ал Александр Асмолов пікірталасты толықтырды. Олар ең басты тұжырыммен келісті:

Метафора — жаңаны қалаудың іргетасы.

EdCrunch 2019 осымен өз мәресіне жетті.

2020

Жетінші EdCrunch — бізге "пандемия" сөзінен шыққан "П" жоспарын қолдануға тура келді.


Коронавирус күллі білім беру жүйесін қашықтан оқуға көшіргеннен кейін, біз конференцияны онлайн-форматта өткізуге шешім қабылдадық — EdCrunch on Demand біздің жеті жыл ішіндегі ең көлемді жобамызға айналды.
#
Сәлем, мен Игнатпын
сіздің EdCrunch on Demand-тағы
жеке көмекшіңізбін

Қыркүйекте онлайнның өзіндік ерекшелігі бар екендігі, қатысушылардың сөздерін тікелей эфирде тарататын камераны орнату мәселені шешпейтіндігі мәлім болды.

"Қатысушылардың назарын ұстап тұру үшін ойын-сауық шоулары, геймификация элементтері мен инфрақұрылымы бар өзіндік Netfliх ұйымдастыру қажет болды".

EdCrunch конференциясының негізін қалаушы, бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов

Нәтижесінде, біз залдарды толыққанды түсірілім студиясына айналдырдық, спикерлер үшін әртүрлі түсірілім жоспарлары мен динамикалық эфирге арналған интерактивтерді ойластырдық, 100 адамнан тұратын түсірілім тобын жинап, LMS және әлеуметтік желі функциялары бар EdCrunch on Demand онлайн-платформасын әзірледік.

Бұл платформа пайдаланушылардың мүдделеріне қарай сессияларды іріктеп қана қоймайды — онда сіз сессияларға қатысу маршруттарын құрып, басқа пайдаланушылармен жеке және ортақ чаттарда сөйлесе аласыз. Конференция аяқталғаннан кейін жыл бойы өзіңізге ұнаған жазбаны қайта қарау мүмкіндігі берілетіндігін атап өткен жөн.

#

EdCrunch on Demand-тың бас спикерлері

  • Роберт Сапольски

    Роберт Сапольски

    Әлемге әйгілі нейроэндокринолог, Стэнфорд Университетінің биология, неврология және нейрохирургия профессоры

  • Салман Хан

    Салман Хан

    Оқу видео-материалдарының кең спектрін ұсынатын, Khan Academy тегін білім беру онлайн-платформасының негізін қалаушы

  • Бетси Коркоран

    Бетси Коркоран

    EdSurge порталының негізін қалаушылардың бірі және "Білім берудің рок жұлдызы"

  • Ирина Шихман

    Ирина Шихман

    Журналист, сұхбат жүргізуші, "А поговорить?" ютуб-арнасының авторы

  • Ася Казанцева

    Ася Казанцева

    Ғылыми журналист, "Ағартушы" сыйлығының лауреаты және адамның иррационалды мінез-құлқы туралы бестселлерге айналған үш кітаптың авторы

  • Людмила Петрановская

    Людмила Петрановская

    Отбасылық психолог, педагог, публицист және ата-аналарға арналған кітаптардың авторы, отбасылық құрылымды дамыту институтын (ОҚДИ) құрушы

  • Михаил Казиник

    Михаил Казиник

    Мәдениеттанушы, өнертанушы, скрипкашы, Славян әдебиеті және өнер академиясының мүшесі, өнер туралы кітаптардың, соның ішінде "Данышпандар құпиясы" кітабының авторы, теле және радио жүргізуші, әлемдік мәдениетке арналған 56 фильмнің авторы

  • Дима Зицер

    Дима Зицер

    Педагог, INO бейресми білім беру институтының және "Апельсин" мектебінің негізін қалаушы және директоры

Платформадағы геймификация

#

Minerva Schools инновациялық университетінің студенті Виктор Перминов EdCrunch on Demand онлайн-платформасындағы белсенділігі үшін Сколково Мәскеу басқару мектебінде МВА жеңіп алды.

#

Виктордың айтуынша, білім беру саласындағы инновациялық жобалар туралы білу және University of Students немесе "Студенттер Университеті" жобасында әлемдік білім беруді трансформациялау бойынша бірлесіп жұмыс істейтін пікірлестерді табу мақсатында EdCrunch on Demand онлайн-платформасында тіркеліп, кейін ойын механикасына машықтанып кетті.

"Шынымды айтсам, алдыма қалайда жеңемін деген мақсат қойған жоқпын. Басында мен жай ғана танысып, белсенді түрде қатыса бастадым. Алғашқы ачивкаларды ала бастағанда, бәрі сәтті болып жатыр, неге жүлделі орын алуға ниеттенбеске деп ойладым.

Бірақ бірінші орын алуым мен үшін тосынсый болды! Дегенмен, жеңіске жеткенімді айтқан кезде шексіз қуанышқа бөленгенімді жасыра алмаймын".

Онлайн-платформа конференция
туралы цифрлармен не айтты

3 күн ішінде:
  • 193
    сессия
  • 100+
    сағат
    хабар тарату
  • 8
    параллель
    арналар
#
#
  • 14 401
    пайдаланушы платформада
    тіркелді
  • 30 628
    пайдаланушы белсенділігі үшін жетістік белгісін алды
  • 49 313
    хабарлама топтық чаттарда
    жазылды
  • 6 664
    жеке хабарламаны қатысушылар
    мессенджер арқылы жіберді
#

Ең бастысы — алыста болсақ та, ортақ энергетика мен қолдауды сезініп, бәріміз бір толқынды ұстай алдық!

2021

Сегізінші EdCrunch — Қазақстанға көшеміз!

EdCrunch алғаш рет Ресейден тыс жерде өтетін болады. Біз Edcrunch-қа жыл сайын Қазақстаннан делегация келетінін байқадық, сол себепті жақынырақ танысу керектігін жөн көрдік.

Осылайша, біз бұл адамдардың өз елінде білім беруді цифрландыруға бар күштерін салып жатқанын білдік және Қазақстанда конференция өткізу керек екені бірден айқын болды.

Сонымен қатар, біз Қазақстандағы балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушылары кәсіби дамуды қажетсінетінін және жаңа технологиялар мен оларды оқытуда қалай қолдану керектігі туралы білуге ​​ынталы екенін білдік.

EdCrunch конференциясының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов қолайлы орынды табу үшін Қазақстан қалаларын аралап шықты.

Біз Ақтөбеде, Ақтауда, Павлодарда болдық, ақыр соңында конференцияны ірі мегаполисте — Алматыда өткізуге шештік.
#
Барлық қатысушыларға арналған
жаңа трек

Әдетте біздің әрбір трек әрқашан бір мақсатты аудиторияға арналған болатын: ата-аналар, мұғалімдер, университет өкілдері, корпоративтік оқыту мамандары немесе кәсіпкерлер. Бұл жолы біз EdCrunch Stage ортақ трегін іске қостық, оны барлық қатысушылар қызығушылықпен тамашалады. Трек Алматыда қатысқан қатысушылар үшін де, онлайн тыңдаушылар үшін де өткізілді.

Спикерлер пандемия басталғаннан бері
алғаш рет келді
EdCrunch Break
интерактивті үзілістері

Біз ескі форматты қайта ойластырдық, оны интерактивті және есте қаларлық етіп жасадық. Конференция қонақтары спорттан дауысты басқару жаттығуларына дейін көптеген жаңа нәрселерді жасап көрді.

Конференция бағдарламасындағы Қазақстанның мәдени ерекшеліктері

Edcrunch Night шоуында
музыканттар ұлттық аспаптарда ойнады.

Біз халықаралық деңгейге көтеріліп, озық білімді басқа елде де тарата бастағанымызды мақтан тұтамыз.
50%

Қазақстаннан болған қатысушылар

2022

Тоғызыншы EdCrunch — біз Қазақстанда қалдық!

Біз EdCrunch 2021 конференциясының табысты өткеніне қуанып, қонақжай Қазақстанда қалуды шештік. Біз білім
беру мен оқыту саласындағы білімді нейробиология көмегімен қайта жаңғыртуға шешім қабылдап
, EdCrunch Reload шарасын «Ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы» тақырыбына арнадық

Әлемнің жұлдызды нейробиологтары

Бізге нейробиолог-ғалымдар келіп, білім беру тәжірибесін ми туралы ғылым көмегімен жақсарту жолдарын айтып берді. Бұл жолы конференция Алматыдағы үш алаңда өтті, оларда бір уақытта іскерлік бағдарламаның 10 залы жұмыс істеп, іскерлік және сауықтық форматтағы 120 іс-шара ұйымдастырылды.

2022 img

Джаред Куни Хорват

Мельбурн Университетінің нейробиологы, Гарвард лекторы

Ми болашақты бір жарым-екі секунд бұрын болжап қоятынын түсіндіріп жатыр. Ми ақпаратты үздіксіз өңдеп, әлем туралы түсінігін үнемі жаңартып отырады. Осылайша, болуы мүмкін болашақ туралы бізге белгі беріп отырады.

#

Бо Лотто,

Лондон университетінің нейробиология профессоры, әрі әлемдегі тұңғыш нейродизайн студиясы Lab of Misfits-тың негізін қалаушы

EdCrunch-та Бо біз шын мәнінде шынайы өмірді көрмейтінімізді айтып берді. Оның пікірінше, адамның қоршаған ортаны тануға арналған сезім мүшелері оны объективті қабылдауға кедергі келтіреді.

#

Мишель Заппа,

Футуролог

Сөзінше, болашақ «кентаврлардың» қолында. Кентавр дегеніміз — машина
мен адамның симбиозы, дұрыс ұйымдастырылған әрекеттестіктің арқасында ол ең мықты адамдардан да, ең қуатты компьютерлерден нәтижелі және тиімді жұмыс жасайды.

EdCrunch-та алғаш рет менторлық сессиялар

Спикерлер қатысушылармен жүзбе-жүз кездесіп, тәжірибесі мен кейстерімен бөлісті. Мәселен, оқу порталын іске қосу жолдары, HR-үдерістерді жаңадан құру құпиялары, қызметкерлерге жаңа дағдыларды үйрету әдістерін айтып берді. 2 күнде сарапшылар 53 сессия өткізді.

#

Гарвард жоғары білім беру мектебінің оқытушысы Рэнди-Майкл Теста кәсіпкерге онлайн-мектепті дамыту стратегиясын қалай таңдау керектігін түсіндіріп жатыр.

Иммерсивті шоу мен Ася Казанцеваның кітабы бойынша қойылған спектакль

Иммерсивті шоу

Ғарыш лайнері апатқа ұшырап жатыр. Оның бортында 6 жолаушы бар: қарт меценат, мұғалім, жас ғалым, жүкті келіншек пен бал айынан қайтып келе жатқан жас жұбайлар бар. Ғарыш қоқысымен соқтығысу кесірінен эвакуациялау процедурасы іске қосылған, ал құтқару капсулаларының біреуі ғана жарамды. Көрермендер кейіпкерлердің хикаяларын тыңдап, дауыс беру арқылы кімнің Жерге оралып, кімнің ашық ғарышта қалатынын таңдады.

#

Лайнер бортында жас жұбайлар болды. Жас келіншек көрермендерге жұбайы бармаса, Жерге ұшып кетпейтінін, одан да өлімді таңдайтынын мәлімдеді. Ал оның күйеуі, керісінше, көрермендерден өзін құтқаруды өтінді.

Конференцияға қатысушылар бұл шоу арқылы адамгершілікті тексеру экспериментіне қатысты, өйткені олардың кез-келген шешімі моральдық таңдауымен тығыз байланысты болды. Мұндай эксперимент миымыздың таңдау жасап, шешім қабылдауындағы заңдылықты анықтауға көмектеседі.

Ася Казанцеваның кітабы бойынша қойылған спектакль

Спектакль кейіпкерлері адам шылым шегуден бас тартуға неге қиналатынын әңгімелеуде. Бұған себеп – никотин миымыздағы марапаттау жүйесіне еніп алады. Никотинсіз бұл жүйе жұмыс жасамай, никотинге тәуелділік пайда болады.

#

EdCrunch Алматыдағы ауқымды шараға айналып

онлайн-қатысушы 8000
әлеуметтік желілер мен БАҚ-та 50 млн
параллельдi
ағындар
10
EdCrunch Expo
көрмеciнде
edtech-стартаптар
17
іскерлік іс-шаралар
және ойын-сауық форматы
118
жүзбе-жүз тыңдаушы 3758
менторлық сессиялар 53
спикерлер
22 мемлекетінен
317

EdTech Awards
жүлдесіндегі жеңіс

«Жыл іс-шарасы. Еdtech-бизнеске тигізген зор пайдасы үшін»

Smart Ranking агенттігінен жүлде жеңіп алдық. Бұл агенттік онлайн-білім беру саласындағы ең ірі компаниялардың рейтингін құрады, біз халықаралық бағыттағы алғашқылардың бірі болдық.

#
#
Номинация