0

Сұрақтар мен жауаптар

Жалпы сұрақтар
  • Өткен іс-шаралардан фотосуреттерді қайдан көруге болады?

    Өткен іс-шаралардың фото мұрағаты flickr.

  • Конференцияның видеожазбалары қанша уақыт бойы қолжетімді болады?

    Барлық сессиялардың 3 тілдегі жазбалары edcrunch.online платформасында қатысушылардың барлығы үшін 1 жыл бойы ашық болады.

  • Конференция аяқталғаннан кейін оның кадрларына қалай қол жеткізуге болады?

    2021 және 2022 конференцияларының бейнежазбаларын сілтеме< / a>.

Төлем әдістері
Құжаттар мен сертификаттар
  • Сатып алынған билетті қайдан табамыз?

    Біз билетіңіз бен оның төленгені жөніндегі чекті төлем жасалған соң бірден электрондық поштаңызға жібереміз. Билетті edcrunch.online платформасындағы жеке кабинетіңіздегі «Менің билеттерім» бөлімінен де тауып, жүктеп алуға болады.

  • Қатысушы сертификатын қалай алуға болады?

    Қатысушы сертификаты конференция аяқталған соң, edcrunch.online платформасындағы жеке кабинетіңіздің «Менің сертификаттарым» бөлімінде 2 апта бойы сақталады. Сертификатты PDF форматында жүктеп алуға болады. Сертификатта сіз туралы мәліметтер қатесіз болуы үшін, жеке кабинеттегі профильді толтырыңыз.

Онлайн платформаға қолжетімділік және кіру
  • Конференцияның онлайн-платформасына қалай кіруге болады?

    Конференция сайтындағы «Кіру» батырмасын басыңыз, ол оң жақтағы жоғарғы бұрышында орналасқан. Басқан кезде платформаға кірә терезесі ашылады. Билет сатып алған кезде поштаңызға жіберілген логин мен кілтсөзді теріңіз.

    Егер аккаунтыңыз болмаса, келесі әрекеттерді жасау керек:

    • Билетті рәсімдеу: қолайлы тариф бойынша сатып алу немесе мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдеріне арналған квота бойынша тегін алу.
    • Содан кейін поштаңызға платформаға кіру үшін қажетті мәліметтер жіберіледі.
  • Егер конференцияның онлайн-платформасына кіруге қажет мәліметтерді алмасам немесе ұмытып қалсам, не істеуге болады?

    Төмендегі амалдардың бірін жасап көріңіз:

    • Билет сатып алынған кезде біз көрсетілген электрондық поштаға жүйеге кіруге қажетті логин мен кілтсөзді жібереміз. Сондықтан пошта жәшігіңіздің «Спам» папкасын тексеріп көріңіз немесе hello@edca.kz поштасынан келген хаттардың бәрін іздеу жүйесі арқылы тауып алыңыз.
    • Авторизацияға арналған формада «Кілтсөзді қалпына келтіру» функциясын қолданыңыз. Ол үшін конференция сайтына кіріңіз, оң жағындағы жоғарғы бұрышында тұрған «Кіру» батырмасын басып, «Кілсөзді қалпына келтіру» батырмасын таңдаңыз. Кейін нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз. Көрсетілген электрондық поштаға кілтсөзді қалпына келтіру сілтемесі жіберіледі. Егер хат келмесе, бұл жағдайда да «Спам» папкасын тексеріп көріңіз немесе hello@edca.kz поштасынан келген хаттардың бәрін іздеу жүйесі арқылы тауып алыңыз.
    • Егер жоғарыдағы амалдар нәтижесіз болса, сайттағы онлайн-кеңесші көмегіне жүгініңіз немесе +7 (495) 374-57-55 немесе +7 (701) 345-75-98 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз, hello@edca.kz поштасына хат жазуға да болады.

  • «Менің профилім» деген не?

    Ол – сіздің онлайн-платформадағы жеке парақшаңыз. Әлеуметтік желілер секілді, онда суреттер, қызығушылықтарыңыз, хаттар мен мәліметтер жазылады.

  • Нетворкинг деген не?

    Ол – таныстарыңыздың қатарын арттырып, әріптестеріңізбен маңызды мәселелерді талқылайтын, серіктестер табатын ортақ чат. Мұндай таныстықтар арқасында сіз пайдалы байланыстар орнатасыз, өзекті мәселелердің шешімін тауып, болашақта бірлесіп жоба жасауыңыз да мүмкін.

    Онлайн-платформаның бұл бөлімінде келесі ақпарат көрсетіледі:

    • Конференцияның барлық қатысушылары. Сіз өзіңізді қызықтыратын адамдардың жекесіне хат жазып, барлық қатысушыларды статусы, қызығушылықтар саласы секілді негізгі сөздер арқылы сүзгіден өткізе аласыз;
    • Таңдаулы қатысушылар — сіз таңдаулылар тізіміне қосқан қолданушылар;
    • Сізге ұсынылған қатысушылар — сізге қызықты болуы мүмкін қолданушылардың тізімі, оларды қатысушылардың профильдеріне сараптама жасау арқылы платформа алгоритмі іріктеп алады.
    • Ортақ чат виджеті пайдалы таныстар тауып, конференцияны, сөз сөйлегендерді және басқа да тақырыптарды талқылауға арналған.
  • Конференция платформасында бір жыл бойы не істеуге болады?

    Біз барлық іс-шараларды видеоформатта сақтап қоямыз, олар бір жыл бойы платформада ашық болады. Қатысушыға осы аралықта нетфоркинг те қолжетімді болады, конференцияға және EdCrunch-тың басқа да жобаларына қатысу тарихы сақталып тұрады. Оған қоса, платформада алдағы уақытта өтетін іс-шаралар туралы хабарланып тұрады.

Ынтымақтастық
  • Серіктестік орнату үшін кімге хабарласу керек?

    Демеушілік пен серіктестік жөнінде мына поштаға жазыңыз — partners@edca.kz.
    Ақпараттық серіктестік жөнінде — pr@edca.kz.
    Басқа мәселелер бойынша — hello@edca.kz.

#
Номинация