CodiPlay жобасының идеясы — IT-білімді барлығына қолжетімді ету. Смартфонның көмегімен ойынға негізделген балалар бағдарламалауды үйреніп, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. Олар сонымен қатар әртүрлі IoT жобалар жасайды. Бұл олардың техникалық саладағы құзыреттілігін арттырып, болашақта кәсіби маман болуға мүмкіндік береді.
Өнімнің мақсатты аудиториясы — сегіз жастан асқан балалар, дегенмен олар алты жастан бастап-ақ қосымшаны түсіне алады. Біз 3-11 сынып оқушылары үшін бағдарлама жасадық. Балалар ойындардан өтіп, пәндерді меңгере алады.
Сондай-ақ мұғалімдерге арналған web-ресурс бар. Оның мақсаты — дағдыларды жетілдіру және оқу процесін бақылау. Мұғалім нақты уақыт режимінде оқушының үлгеріміне онлайн қол жеткізе алады. Егер бұрын балалар үйде компьютер болмағандықтан үй тапсырмасын алмаса, қазір бұл мәселені ұялы телефондар шешеді.
Қазіргі уақытта платформаға 19 мектеп қосылған. Оның 16-сы — Қазақстанда, тағы 3-уі — Оңтүстік Кореяда. Қазірдің өзінде Алматыдағы 125-тен астам мектептен алдын ала тапсырыстар және Дубай мен Анталияда сынақ сатылымдарына сұраныстар бар.
Стартапта 15-тен астам қызметкер бар. Команда құрамында білім беру мазмұнын әзірлейтін IT мамандары, өнім менеджері, жоба менеджері, PR маманы, маркетолог және информатика мұғалімдері бар. Ай сайынғы кіріс шамамен 25 000 долларды құрайды.
-
Web-сайт
-
E-mail
-
Телефон