Құқықтық ақпарат
Біз құпиялылық пен қауіпсіздік қағидаларына адалдығымызды көрсету мақсатында Құпиялылық саясатын жасап шығардық. Құпиялылық саясатында біздің компанияның Интернет-қызметтерін (бұдан әрі — Қызметтер) өзінің барлық негізгі пайдаланушыларынан, оның ішінде, кейбір қызметтерімізге тіркеусіз қол жеткізе алатын адамдардан (бұдан әрі — Қонақтар), сондай-ақ, Өнімді сатып алған тұтынушылардан және/немесе Қызметке жазылу үшін ай сайынғы төлемді төлеп жүрген тұтынушылардан (бұдан әрі — Мүшелер) ақпаратты қалай жинайтыны сипатталған. Сонымен қатар, Саясатта жиналған ақпаратты қалай пайдаланатынымызды, Қонақтар мен Мүшелердің мұндай ақпаратты жинау мен пайдалану бойынша қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіндіру қамтылған. Құпиялылық саясатымен мұқият танысып шығуды сұраймыз.
Біздің компания жинайтын жеке ақпарат және оны пайдалану жолдары
Кіріспе
Біздің Өнімдерге немесе Қызметтерге жазылу кезінде Мүшелерден тегі, аты, әкесінің аты, мекен жайы, телефон номері, есепшот жіберуге қажет ақпарат (мысалы, төлем картасының номері) және Қызметтерді пайдалану үшін қолданылатын жеке компьютердің түрі секілді белгілі бір дербес деректер сұралуы мүмкін. Мүшелердің тіркеу кезінде (немесе кез- келген басқа уақытта) жиналған жеке деректері сіздердің қажеттіліктеріңізге сәйкес, Өнімдерді немесе Қызметтерді дайындау үшін қолданылады. Сіздің деректеріңіз үшінші тараптарға берілмейді немесе сатылмайды. Дегенмен, төменде "Жария ету" бөлімінде сипатталған ерекше жағдайларда біз жеке ақпаратты ішінара жариялай аламыз.
Жария ету
Біз төменде сипатталған жағдайларда Мүшелер мен Қонақтардың ақпаратын келесі үшінші тұлғаларға жария етуге құқылымыз:
- Біздің атымыздан жұмыс істейтін компанияларға. Біз өз атымыздан бизнесті қолдау қызметін атқаратын басқа компаниялармен жұмыс жасаймыз. Осыған байланысты сіздің дербес деректеріңіз ішінара жария болуы мүмкін. Біз мұндай компаниялардан ақпаратты келісімшарт бойынша қызметтерді көрсету мақсатында ғана пайдалануды талап етеміз; келісілген Қызметтерді ұсыну қажеттілігінен туындаған кезден басқа жағдайда аталған ақпаратты өзге тараптарға беруге тыйым салынады. Бизнесті қолдау қызметінің түрлері: тапсырыстарды орындау, өтінімдерді жүзеге асыру, сыйлықтар мен бонустар беру, клиенттер арасында сауалнама жүргізу және ақпараттық жүйелерді басқару. Біз, сондай-ақ, Қызмет жеткізушілерін таңдау кезінде жалпыланған дербес емес ақпаратты жария етеміз.
- Еншілес және бірлескен кәсіпорындарға. Еншілес немесе бірлескен кәсіпорын дегеніміз – үлесінің кемінде 50%-ы Компанияға тиесілі ұйым. Сіздің ақпаратыңызды еншілес немесе бірлескен серіктестікке берген кезде, біздің Компания бұл ақпаратты басқа Тараптарға маркетингтік мақсатта жарияламауды және сіздің таңдауыңызға қайшы келетін кез-келген жолмен пайдаланбауды талап етеді. Егер сіз біздің компаниямыздан қандай да бір маркетингтік материалдар алғыңыз келмейтінін атап өткен болсаңыз, онда біз сіздің ақпаратыңызды еншілес және бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге маркетингтік мақсаттар үшін бермейміз.
- Бірлескен немесе серіктестік парақшаларында. Біздің Компания сайтымыздың бірлескен парақшаларында өнімді өткізу мақсатында арнайы ұсыныстар мен іс-шараларды бірге жүзеге асыратын серіктес-компаниялармен ақпаратты бөлісе алады. Осындай парақшаларда сауалнаманы толтыру кезінде сізге көрсетілген деректердің үшінші тарапқа берілетіні ескертіледі. Серіктес сіз берген кез-келген ақпаратты жеке құпиялылық туралы хабарламасына сәйкес пайдаланады, оны сіз өзіңіз туралы ақпаратты бермес бұрын оқып шыға аласыз.
- Кәсіпорынды басқаруды тапсыру кезінде. Біздің Компания біздің кәсіпорынның немесе оның активтерінің толық немесе ішінара сатылуына немесе трансфертіне байланысты сіздің сауалнамалық деректеріңізді беруге құқылы. Бизнесті сату немесе трансферті кезінде біздің Компания Сізге өзіңіз туралы ақпарат беруден бас тартуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда, бұл жаңа ұйым сізге біздің компания ұсынып келген қызметтерді немесе өнімдерді бұдан әрі ұсына алмайтындығын білдіруі мүмкін.
- Құқық қорғау органдарына. Біздің Компания сіздің келісіміңізсіз келесі себептердің кез-келгені бойынша үшінші тараптарға дербес ақпаратты жария ете алады: заңның, нормативтік құқықтық актілердің немесе сот қаулыларының бұзылуын болдырмау үшін; үкіметтік тергеулерге қатысу; алаяқтықтың алдын алуға көмектесу; компанияның немесе оның еншілес кәсіпорындарының құқықтарын нығайту немесе қорғау.
- Сіздің келісіміңіз бойынша. Қалған барлық жағдайда үшінші тараптарға сізге қатысты ақпаратты бермес бұрын, біздің Компания сіздің нақты келісіміңізді алуға міндеттенеді. Мысалы, біздің Компания үшінші тараппен бірлескен жобаны жүзеге асырған кезде немесе байқау өткізген кезде, біз сіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тараппен бірлесіп пайдалануға рұқсат сұраймыз.
Интернет арқылы сатып алу
Біздің Компанияның Қызметтері мен Өнімдеріне тікелей тапсырыс беру кезінде сіз ұсынған дербес деректер осы тапсырысты өңдеу үшін қолданылады. Мұндай тапсырысты орындау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, біз бұл ақпаратты бөгде ұйымдарға бермейміз. Біздің сайтқа сілтеме жасай алатын басқа компаниялар арқылы тапсырыс берген кезде, мысалы, интернет арқылы ұсынылған сыйлық алушыға тікелей жіберілетін жағдайда, Сізден алушы туралы ақпарат, атап айтқанда, аты-жөні, мекен-жайы және телефон нөмірі сұралуы мүмкін. Біздің компания мұндай тапсырыстарды орналастыру кезінде сіз берген жеке ақпаратты үшінші тараптардың пайдалану жолдарын бақыламайды. Өтінеміз, мұндай жағдайларда мұқият болыңыздар. Біздің сайтымыздан веб-сайттарына өтуге болатын кез-келген басқа компаниялардың Құпиялылық саясатымен және Пайдалану шарттарымен танысып шығуға кеңес береміз.
Интернеттегі жарнама
Біздің компания Интернетте жарнама орналастыра алады. Мұндай жағдайларда біз өзіміздің жарнама берушілерімізге Қонақтарымыз бен Мүшелеріміз туралы тіркеу кезінде, сонымен қатар, интернет-сауалнамалар мен насихаттау іс-шараларын өткізу барысында жиналған жалпылама және дербес емес ақпаратты ұсынамыз. Кейбір жағдайларда біз осы жалпылама және дербес емес ақпаратты мақсатты жарнамалар мен бірлескен іс-шаралар үшін қолданамыз. Мысалы, жарнама беруші немесе бірлескен кәсіпорын жарнаманы қай аудиторияға жеткізу керектігін айтады және жарнаманы сол аудиторияға сәйкес ұсынады. Кейінірек жинақталып, жалпыланған дербес емес ақпарат негізінде біз жарнаманы орналастырамыз немесе мақсатты аудиторияға жібереміз. Біздің компания мұндай жарнама берушілерге немесе бірлескен кәсіпорындарға өзінің Қонақтары мен Мүшелерінің дербес деректерін ашпайды. Біздің Компанияның интернет-жарнамасынан қалай бас тартуға болатыны жайындағы мәлімет жарнамалық материалдарға қосылады.
Электрондық сауалдарға жауаптар
Қонақтар немесе Мүшелер біздің компаниямызға электрондық сауалдар жіберген кезде, жауаптар сол сауалдар жолданған электрондық мекенжайға жіберіледі. Біздің Компания кері мекенжайларды басқа мақсаттарда пайдаланбайды және оларды қандай да бір үшінші тараптарға бермейді.
Клиенттердің ерікті сауалнамалары
Біз пайдаланушылар арасында коммерциялық және жеке сауалнамаларды жиі жүргізіп тұрамыз. Біз Қонақтарымыз бен Мүшелерімізге осы сауалнамаларға қатысуға кеңес береміз, өйткені олар арқылы біз Өнімдеріміз бен Қызметтерімізді жақсартуға және оларды ұсыну жолдарын жетілдіруге қажетті ақпарат аламыз. Сіздің дербес деректеріңіз бен жауаптарыңыз үшінші тарап сауалнама жүргізген кезде де, қатаң құпия болып қалады. Біздің клиенттік сауалнамаларға қатысу міндетті емес. Сауалнамаға қатысудан қалай бас тартуға болатыны жөніндегі ақпарат сауалнамалар туралы хабарламаларға енгізіледі. Біз сауалнама жауаптарын жалпылау және кеңінен өңдеу үшін (атап айтқанда, жынысы, жасы, тұрғылықты жері, қызығушылықтары, білімі, жұмыс орны, өнеркәсіп секторы және басқа да демографиялық ақпарат) клиенттік сауалнамаға қатысқан кейбір адамдардан алынған ақпаратты басқа клиенттеріміздің жауаптарымен біріктіре (топтастыра) аламыз. Осыдан кейін топтастырылған ақпарат сізге ұсынылатын Қызметтердің сапасын жақсарту және жаңа Қызметтер мен Өнімдерді жасап шығару үшін қолданылады. Мұндай топтастырылған және дербес емес ақпарат үшінші тараптарға берілуі мүмкін.
Cookies ақпаратты автоматты түрде жинау.
Ақпарат жинау үшін біздің компания Cookies маркерлерін пайдалана алады. Бұл Сіздің браузеріңіз веб-сайттың сұранысы бойынша компьютердің қатты дискіне сақтайтын кішігірім ақпараттық файлдар. Біздің компаниямыздың Cookies маркерлерінде қандай да бір дербес ақпарат жоқ және ол негізінен төмендегідей мақсаттарда пайдаланылады:
- уақытша ақпаратты қадағалау үшін (мысалы, Cookies маркерлері қандай суреттерді енгізіп, жүктеп алғаныңызды білуге мүмкіндік береді);
- сізді арнайы бағдарламаларға тіркеу үшін: сайтымыздың Мүше болуды талап ететін бөлімдеріне кірген кезде, Cookies бізге сізді есте сақтауға мүмкіндік береді;
- сіздің ел мен тілге қатысты қалауыңызды есте сақтау үшін;
- өз аудиториямыздың ауқымын және таратылатын трафикті білу үшін;
- біздің сайттан және біздің электрондық хабарламамыздан нені көргендігіңіз туралы ақпаратты жинап, және жазып алу үшін;
- сайт ақпаратын басқару және оны ұсыну үшін, сонымен қатар, компьютеріңізде қандай суреттер көрсетілетінін біліп, қызығушылықтарыңызға сай ақпарат беру үшін.
Веб-маяктар
Біз веб-сайтымызға, үшінші тараптармен бірлескен Интернет-жарнамаға және өзіміздің электрондық хаттарымызға шағын "қадағалайтын суреттер" немесе "маяктарды" да орналастыра аламыз. Мұндай маяктар Cookies маркерлерімен бірге, сайтқа кіру күні мен уақыты, қаралған парақшалар, ауысу беті, браузер түрі (мысалы, Internet Explorer, NetScape), операциялық жүйенің түрі (мысалы, Windows, Linux немесе Mac), сайтқа кірген адамның Интернет-қызметтері провайдерінің домен атауы (Мысалы, AOL) секілді сайттың пайдаланылуы туралы жеке емес ақпаратты жинау үшін қолданылады. Біз сайтымызға кіру туралы мұндай мыңдаған ақпаратты жинап, талдау жасаймыз. Бұл ақпарат, біздің интернет-жарнаманың, мәселен, баннерлердің тиімділігін анықтауға және алдағы уақытта басқа веб-ресурстарда жарияланатын жарнаманың орнын анықтау үшін қажет.
Cookies бен маяктарды өшіру
Егер Cookies маркерлері мен маяктар арқылы осындай ақпаратты жинау сізге жағымсыз болса, өз браузеріңіздің баптауларынан бұл функцияларды өшіріп тастауға болады, бірақ бұл Компаниямыздың веб-сайтының тиімділігі мен қызметін шектейтіні есіңізде болсын. Cookies және маяктарды қалай өшіру керектігі, әдетте, браузерге арналған нұсқаулықта жазылады.
Балаларды ақпараттық қорғау
Балаларды Интернеттегі ақпараттан қорғау өте маңызды, 13 жасқа дейінгі балалар заң жүзінде қорғалады. Сондықтан Компаниямыз 13 жасқа дейінгі балалардың сайттарымызға тіркелген Мүше болуына немесе ата-аналарының расталған рұқсатынсыз сайттарымыздан Өнімдер мен Қызметтерді сатып алуына мақсатты түрде жол бермейді. Компаниямыз 13 жасқа дейінгі балалардан олардың ата-аналарының келісімінсіз жеке ақпаратты жинамайды және сұрамайды. Егер біз 13 жасқа дейінгі балаларды веб-сайттың мақсатты аудиториясына қосатын болсақ, онда бұл арнайы беттер айрықша белгіленеді және Интернеттегі баланың жеке өмірін қорғау туралы актінің (COPPA) ережелеріне сәйкес құпиялылық туралы толық хабарлама беріледі. Біз, сондай-ақ, ата-аналардың рұқсатын алу, олардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктерін қамтамасыз етіп, ата-аналарға балаларының жеке деректерін жоюды талап етуге мүмкіндік береміз. Компаниямың өз балаларымен бірге желіде уақыт өткізетін және олардың интерактивті сабақтары мен қызығушылықтарына қатысатын ата-аналар мен қамқоршыларды қолдайды.
Қоғамдық форумдар
Сайтымыздың белгілі бір бөлігі қоғамдық қызметтерге, атап айтқанда, талқылау тақталарына, чаттар мен іс-шараларға нақты уақыт режимінде қолжетімділік бере алады. Мұндай қызметтерді пайдалана отырып, өзіңіз туралы ақпарат жарияларда абай болыңыз. Есіңізде болсын, мұндай сайттарда жария болған жеке ақпарат, мысалы, аты-жһніңіз, Пайдаланушы атыңыз, электрондық пошта мекен-жайыңыз бен т. б. рұқсатсыз жіберілімдер үшін жиналуы және пайдаланылуы мүмкін. Мұндай қызметтер көпшілікке ашық және сіз жариялаған ақпаратты кез-келген адам көре алады, өйткені ақпарат қорғалмаған. Басқа адамдар қалдырған комментарийлер сізге дөрекі, қауіпті немесе әдепсіз болып көрінуі мүмкін. Сіздің осындай қызметтерге қатысу арқылы алған комментарийлеріңізге біз бақылау жүргізе алмаймыз.
Біздің Компанияның құпиялылық қағидаларына бейілділігі
Сіздің дербес деректеріңізді қорғау мақсатында біз әртүрлі әкімшілік, басқарушылық және техникалық қауіпсіздік шараларын қолданамыз. Біздің Компания интернетте жиналған ақпаратты қорғау бойынша бақылаудың белгілі бір шараларын қамтитын дербес деректермен жасалатын операцияларға бағытталған бақылаудың халықаралық стандарттарын ұстанады. Біз қызметкерлерімізді осы бақылау шараларын түсінуге және орындауға үйретеміз, олар біздің Құпиялылық туралы хабарламамен, нормалармен және нұсқаулықтармен жақсы таныс. Біз сіздің дербес деректеріңізді қорғауға тырысқанымызға қарамастан, сіз де, өз кезегіңізде, оны қорғау үшін шара қолдануыңыз қажет. Интернетте отырған кезде барлық сақтық шараларын қабылдауға кеңес береміз. Біз ұйымдастырған қызметтер мен веб-сайттарда біз бақылайтын ақпараттың жария болып кетуінен, рұқсатсыз пайдаланылуынан және өзгертілуінен қорғау шаралары қабылданған. Біз желіміз бен жүйелеріміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасасақ та, біздің қауіпсіздік шараларымыз өзге ұйымдардың хакерлерінің бұл ақпараттарға заңсыз қол жеткізуінен қорғайтынына кепілдік бере алмаймыз.
Пайдаланушылардың дербес деректерін өзгерту және жою
Біздің сайтқа тіркелу үшін Сіз берген барлық дербес деректер кез-келген уақытта өтінішіңіз бойынша кез-келген уақытта өзгертілуі немесе базамыздан толығымен жойылуы мүмкін. Ол үшін Сайтымыздың арнайы бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратын пайдаланып, өзіңізге ыңғайлы кез-келген тәсілмен хабарласуыңыз қажет. Егер сіз біздің тұрақты электрондық поштаның хаттарын алудан бас тартқыңыз келсе, оны кез-келген уақытта әр хаттың соңында орналасқан арнайы сілтеме арқылы жасай аласыз.
Біздің Құпиялылық саясатымызға қатысты сұрақтарды қайда жолдауға болады?
Егер осы Құпиялылық саясатына немесе жоғарыда сипатталған практикалық әдістерге қатысты сұрақтар туындаса, сайтымыздың Байланыс ақпаратының көмегімен бізге хабарласу болады.
Осы Саясатқа өзгерістер енгізу
Компания бұл парақшаны жаңарта отырып, кез-келген уақытта және кез келген түрде осы саясатты, пайдалану Ережелері мен қызмет көрсету туралы Келісімшартты, сондай-ақ, біздің Компанияның басқа да саясаттары мен шарттарын өңдеуге, толықтыруға немесе өзгертуге құқылы.