Тодд Николет
Солтүстік Каролина университетінің сандық және үздіксіз білім беру жұмыстары бойынша проректоры, Чапел Хилл., АҚШ
Тодд А. Николет, Ph.D., Чапел-Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінде сандық технологиялар және үздіксіз оқыту мәселелері жөніндегі вице-проректор. Бұл рөлде ол университеттің барлық цифрлық, икемді және өмір бойы білім беру бағдарламаларына басшылық пен бағыт береді. Ол Солтүстік Каролина-Гринсборо университетінде жоғары білім беруді басқару саласындағы PhD дәрежесін, Солтүстік Каролина-Чапел Хилл университетінде ағылшын тілі бойынша өнер магистрі және Эккерд колледжінде әдебиет бакалавры дәрежесін алды.
Қазіргі лауазымына дейін, доктор Николет 2016 жылдан 2019 жылға аралығында Солтүстік Каралинадағы Гиллингс университетіндеЖаһандық қоғамдық денсаулық мектебінің деканының орынбасары қызметін атқарды. Онда ол мектеп миссиясын алға жылжытатын стратегиялық бастамаларды, соның ішінде MPH@UNC бағдарламасын және Эшвилледегі Солтүстік Каролина университетімен, Монтерей Аппалачи денсаулық орталығымен (MAHEC) бірлескен MPH бағдарламасын жүзеге асыруда жұмыс істеді. Доктор Николет сонымен қатар, мектептің алты әкімшілік бөліміне тікелей бақылау жасады: қаржы, адам ресурстары, оқу және ақпараттық жүйелер, Солтүстік Каролина қоғамдық денсаулық сақтау институты, инновациялық және жаһандық шешімдер бөлімі, стратегиялық талдау және іскерлік бақылау.
2007 жылдан бастап, 2016 жылға дейін Солтүстік Каролина университетінің басқару мектебінде операциялық деканның орынбасары ретінде доктор Николет алты бөлімді, соның ішінде кітапхана, ақпараттық технологиялар, басылымдар, маркетинг, іс-шаралар мен тіркеу және қолдау қызметтері салаларын басқарды. Ол сонымен қатар, университеттің мемлекеттік басқару магистрі онлайн бағдарламасының MPA@UNC іске қосылуына жетекшілік етті және орталыққа басқарушы рөлін атқарды.
Доктор Николет бұрынғы Джиллинг мектебінде 2001 жылдан 2007 жылға дейін жұмыс істеді. Алдымен CDC Responds веб-трансляциясы сериясы үшін жобаны басқаруды қамтамасыз етті, содан кейін онлайн оқыту тобының менеджері, кейін оқу және ақпараттық жүйелер бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды. Мансап жолының басында ол бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындарына онлайн оқыту жүйесін ұсынатын стартап-компанияда жұмыс істеді.