Күләш Шәмшидинова
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы, Қазақстан
1979 жылы Күләш Ноғатайқызы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген.
1979-1981 жылдары — орта мектепте химия пәнінің мұғалімі.
1981-1987 жылдары — Киров аудандық комитетінің хатшысы, Гвардейский аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ЛКЖО Талдықорған облыстық комитетінің хатшысы.
1987-1988 жылдары — Талдықорған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы.
1988-1991 жылдары — Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы.
1991-1992 жылдары — Талдықорған облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты директорының орынбасары.
1992-1996 жылдары — Талдықорған қаласындағы № 18 орта мектептің директоры.
1996-2002 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.
2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы мамырға дейін — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2005 жылғы 23 мамырдан 2007 жылғы сәуірге дейін — "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру-сауықтыру орталығының бас директоры.
2007 жылғы сәуірден бастап 2009 жылғы қазанға дейін — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2009 жылғы қазан - 2019 жылғы ақпан аралығында — "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ Басқарма төрайымы.
2019 жылғы 25 ақпаннан 13 маусымға дейін — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.