Сергей Бережной
Яндекстің Әзірлеушілермен байланыс жөніндегі директоры
«Яндекс» компаниясында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл аралықта әртүрлі қызметтерді атқара отырып, іздеу, пошта, блогтар бойынша іздеу, Я.ру платформасы, суреттер, видеолар, ішкі құралдар және басқа да сервистерімен жұмыс жасаған. Сайт әзірлеу үшін түрлі технологиялар мен құралдарды дамытумен белсенді айналысады. БЭМ әдістемесін жасап шығарған екі автордың бірі. «Яндексте» интерфейстер жасау мектебін басқарады. Соңғы кездері әзірлеу, жалдау және оқытуды ыңғайлы ету мәселелерімен айналысады.