Ақерке Бексұлтан
BTS Education-ның продакт менеджері, Қазақстан
Өмір бойы білім беретін оқу бағдарламаларын жасауға, оқу туралы ғылымдар, психикалық денсаулық пен сауықтыруға арналған әлеуметтік бағдарламаларға, сондай-ақ, әлеуметтік эмоционалдық мінез-құлық қиындықтары (SEND) мен аутизм спектріндегі ауытқулары бар (ASD) балаларды оқытуға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайын.
Зерттеу дағдылары: бастапқы және қосымша зерттеулер, сапалы зерттеулер, әдіснамалық талдау, ғылыми үдеріс.
Әлеуметтік жобаларды басқаруы: эмпатия, тәуекелдерді басқару, құралдары: Ганта диаграммасы, RACI, SWOT, SROI, деректерге визуализация жасау.
Мәдениеттің негізгі құндылығын біртұтастық, эмпатия мен өсімнің қосындысы ретінде түсінеді. Білім беру саясаты, әртүрлілік, инклюзия мен бағдарлама әзірлеу салаларында ғылыми білімі бар. Бизнес-үдерістерді басқару, жобалар мен өнімдерді басқару салаларында техникалық дағдыларға ие және EdTech-саласында да жұмыс істеген.