Алеся Чичинкина
Нейротрендтың коммуникациялар жөніндегі директоры
«Нейротренд» және «НейроЧат» компанияларының коммуникациялар жөніндегі директоры.
Инновациялық IT-жобалары маркетингі мен PR саласында 12 жыл бойы еңбек етіп келеді. Басқару тәжірибесі 7 жылдан асады, стартаптарды нарыққа шығаруда да тәжірибесі бар.
Мәскеу мэрінің «Шындықты өзгертушілер» санатындағы 2020 жылғы жүлдесінің иегері, Bayer Patents Power және Media Gate премияларының финалисі, NMSBA (Neuromarketing Science & Business Association) мүшесі.
Мемлекеттік Басқару университетінің, ЖЭМ ҰЗУ лекторы, Мемлекеттік Басқару университетіндегі мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы. Мүгедектігі бар студенттердің қатысуымен өтетін «Профессиональное завтра» студенттік жобалардың бүкілресейлік байқауының сарапшысы. Нейромаркетинг бойынша білім беретін «Нейротренд» курсының модераторы.
Нейротехнологияларды іс жүзінде қолдану туралы NEUROCAST подкастының авторы, әрі жүргізушісі.