
Елена Бурьевая
Балалар психологы, сертификаты бар ойын, құм және арт-терапевті
Елена — 7 жылдан асатын тәжірибесі бар балалар психологы. «Балаларға махаббатпен, ата-анаға қамқорлықпен» ұранымен жұмыс жасайды. Қызмет барысында балалар мен ата-аналар қарым-қатынасының гармониясына басымдық береді.
Дипломы бар арт-терапевт, ойын және құм терапевті. Балалар психиатрлары мен психологтары бірлестігінің мүшесі.
Ресейлік «Знание» қоғамының спикері. «Старость в радость» және «Выход есть» қорларының еріктісі.
Балалар, ата-аналар мен сала мамандарына арналған тренингтер, семинарлар, вебинарлар, шеберлік-сағаттары мен арт-кездесулер ұйымдастырып тұрады. Публицист, кітаптардың авторы. БАҚ психологы, радио мен телеарналарға сарапшы ретінде шақырылады.