Бен Нельсон
Minerva Project-тың негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры, АҚШ
Нельсон оқытудың жүйелі және дәлелдерге негізделген тәсілдеріне сүйене отырып, әлемге арналған даналық жасау үшін 2011 жылы Minerva-ның негізін қалады. Соңғы он жылда Нельсон Minerva университетін АҚШ-тағы ең таңдаулы, ең инновациялық (WURI рейтингінде бірінші орында тұр), ең табысты университетке айналдырды. Сондай-ақ, Minerva-ның өзгеше тәсілдерін басқа пікірлес оқу орындарына тарату үшін Minerva Project бизнес-жобасын өмірге әкелді.
Minerva-ға дейін Нельсон 10 жылдан астам уақыт Snapfish-те жұмыс істеп, компанияны стартаптан әлемдегі ең ірі дербес жарияланымдар қызметіне айналдыруға көмектесті. Бүгінде Snapfish-тің 22 елдегі транзакцияларының саны 42 миллионнан асады, бұл – бәсекелестерден 5 есе артық. Компания әлемдегі ең ірі электрондық коммерция сервистерінің қатарына кіреді. 2005 жылдан 2010 жылға дейін Snapfish-тің бас директоры қызметінде болып, Нельсон компанияны Hewlett Packard компаниясына 300 миллион долларға сатуды басқарды.
Snapfish -ке келгенде дейін Нельсон америкалық қауымдастықтарға арналған жергілікті порталдар желісі — Community Ventures-тің президенті, әрі бас директоры болды.
Нельсонның білім беруді реформалауға деген құлшынысы алғаш рет өзі экономика бакалавры дәрежесін алған Пенсильвания университетінің Уортон мектебінде пайда болды. Бірінші курста оқып жүріп, кейін өзі Minerva-ны ашқан кезде қолданған білім беру бағдарламаларын реформалау жоспарын дайындап, студенттерге білім беру жөніндегі Студенттік комитеттің төрағасы болды. Ол – Пенсильвания университетіндегі ең көне және сайланбайтын студенттердің өзін басқару органы болып табылады.