Михаил Лебедев

ЭЖМ ҰЗУ Когнитивті нейроғылымдар институты Биоэтикалық интерфейстер орталығының ғылыми жетекшісі

Ғылым қайраткері, 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

1963 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Малый Кисловский тұйық көшесіндегі 60-шы мамандандырылған мектепте (қазіргі уақытта 1243-ші мектеп) оқып, 1980 жылы алтын медальмен бітірген. 1980–1986 жылдары МФТИ жалпы және қолданбалы физика факультетінің тірі жүйелер кафедрасында білім алған. МФТИ-ді қызыл дипломмен тәмәмдаған.

1986-1991 жылдар аралығында — Ақпаратты тарату проблемалары институтында қызмет еткен, В.С. Гурфинкель зертханасында жұмыс істеп, адам қалпын реттеу және бұлшықеттердің электрлік белсенділігін зерттеумен айналысқан.
1991-ден 1995 жылға дейін — АҚШ-тың Мемфис штатындағы Теннеси университетінің аспиранты болды. Оның диссертациясы маймылдар миының қозғалыс кезіндегі белсенділігін (соматосенсорлық және моторлы қыртыстар мен базальды ганглиялар) зерттеуге арналған.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Италияда, Триестада жұмыс істеді, онда ол егеуқұйрықтардың соматосенсорлық қыртысының пластикасын зерттеді.

1997-2002 жылдар аралығында АҚШ-тың Бедесд қаласындағы Ұлттық денсаулық институтында еңбек етті. Жад, зейін және қозғалысты жоспарлаудың қыртыстық механизмдері бойынша зерттеулер жүргізді (маймылдарға жүргізген).

2002 жылдан бастап — АҚШ, Даремдегі Дьюк университетінің аға ғылыми қызметкері. Мидың белсенділігін қайта кодтайтын және электрлік стимуляция арқылы миға сенсорлық ақпаратты беретін инвазивті нейрокомпьютер интерфейстерін жасаған. Ол маймылдарға жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде көп арналы кортикалды импланттардың көмегімен механикалық және виртуалды аяқ-қолдардың: протездік қолдар мен аяқтардың қимылдары арқылы ми қызметін тікелей басқаруға болатынын көрсетті. Сондай-ақ, маймылдарға жүргізген тәжірибелер барысында соматосенсорлық қыртысты электрлік стимуляциялау арқылы тактильді сезімдерді тиімді қалпына келтіруге болатынын анықтады. Мүгедектер арбасының қозғалысын басқаруға арналған нейрокомпьютер интерфейстерін жасап шығарды.

Михаил — нейрофизиология мен нейроинженерия туралы бірнеше ғылыми журналдың редакторы. Frontiers in Neuroscience журналының ең үздік арнайы шығарылымы конкурсында топ жарып, сыйақы ретінде 2018 жылы Лозаннада өткен «Ми қызметін кеңейту» конференциясын ұйымдастыруға қаражат алды.

2017 жылы Ресей Федерациясының мегагрантын жеңіп алды. Мегагрант ЭЖМ Когнитивті зерттеулер институтында биоэлектр интерфейстері орталығын ашуға мүмкіндік берді. Орталықтың ғылыми жетекшісі ретінде
электрокортикография әдісіне негізделген нейрокомпьютерлік интерфейстер – эпилепсиямен ауыратын науқастарды диагностикалау үшін қолданылатын аз инвазивті имплантаттар жасап шығарады.

Сколтехте әлемдік деңгейдегі зертхана ашу үшін, Ресей ғылым қорының грантын алып, Сколтехтегі нейробиология және нейрореабилитация орталығын басқарды.

Ресей мен шет мемлекеттердегі конференцияларда бірнеше рет баяндама жасаған, бүкіл Ресейдің зерттеуші және медициналық орталықтарымен жұмыс жасайды.

#
Номинация