Кирилл Мейстер
EdCrunch Reload конференциясының жүргізушісі, Қазақстан
Шоумен, Қазақстан мен шет елдерде түрлі іс-шаралар, мерекелік және салтанатты кештерді ұйымдастырушы, жүргізуші ретіндегі тәжірибесі он жылдан асады.
2017 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанатының ресми жүргізушісі.
Қазақстан Республикасы Президенті және өзге де 30 мемлекет басшыларының қатысуымен өткен «Astana EXPO 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу және жабылу салтанатының ресми жүргізушісі.
ВДНХ-ның 80 жылдық мерейтойы және Мәскеу күніне орай өткен Қазақстанның Ресейдегі мәдениеті күндерінің салтанатты ашылуына арналған мерекелік шараның ресми жүргізушісі. 2019 жылы Мәскеуде өткен салтанатты кешке Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері қатысты.
2017, 2018, 2019 жылдары өткен «Star of Asia» музыкалық фестивалінің жүргізушісі.
«Еуразия Бірінші арнасы», «Хабар», «НТК» телеарналарының жүргізушісі.
Қазіргі уақытта «Еуразия Бірінші арнасындағы» «Қайырлы кеш, Қазақстан!» бағдарламасын жүргізеді.