Акбар Алимов

Өзбекстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Білім сапасын қадағалау мемлекеттік инспекциясының кадр дайындау және рейтингтер құруға мониторинг жүргізу және қадағалау бөлімінің басшысы, Өзбекстан

1985–1986 жылдар — Ташкент политехникалық институтының студенті.

1986–1988 жылдар — әскер қатарында Ауғаныстан Республикасында әскери борышын өтеген («мерген» мамандығы бойынша).

1988–1992 жылдар — Ташкент политехникалық институтының, одан әрі — Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің студенті.

1992–1994 жылдар — Ташкент авиация техникалық лицейінің арнайы технологиялық пән оқытушысы.

1994–1995 жылдар — Ташкент мемлекеттік техника университеті «Ұшу аппараттарын өндіру технологиясы» кафедрасының ассистенті.

1996–1999 жылдар — Ташкент мемлекеттік авиация институтының сырттай бөлімінің аспиранты.

1999–2000 жылдар — Ташкент мемлекеттік авиация институты авиация факльтетінің кәсіподақ комитетінің төрағасы.

2000–2003 жылдар — Ташкент мемлекеттік авиация институты ішкі қадағалау және мониторинг бөлімінің аға инспекторы.

2003–2005 жылдар — Ташкент мемлекеттік авиация институты «Ұшу аппараттарын жобалау және жоспарлау» кафедрасының аға оқытушысы.

2005–2008 жылдар — Өзбекстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік тестілеу орталығының жоғары білім беру, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мекемелері мен біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесін аттестациядан өткізу бөлімінің бас сарапшысы.

2008–2011 жылдар — Өзбекстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік тестілеу орталығының мемлекеттік емес білім беру мекемелеріне лицензия беру, білім беру мекемелерін аттестациялау және білім туралы құжаттарды нострификациялау бөлімінің басшысы.

2011–2013 жылдар — Мемлекеттік тестілеу орталығының кадр жөніндегі инспекторы, ғылыми-баспа бөлімінің басшысы.

2013–2017 жылдар — Өзбекстан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік тестілеу орталығының жоғары білім беру, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру мекемелері мен біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесін аттестациядан өткізу бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, үздіксіз білім беру жүйесіндегі кадрлар дайындау сапасын қадағалау және мониторинг бөлімінің басшысы.

2017 жылдан бері — Білім сапасын қадағалау мемлекеттік инспекциясының кадр дайындау және рейтингтер құруға мониторинг жүргізу және қадағалау бөлімінің басшысы.

#
Номинация