Дара Бухтоярова

Координатор консалтинговых проектов QS-компаниясының Орталық Азия мен Закавказье республикаларындағы консалтингтік жобаларының үйлестірушісі, Қазақстан

QS Quacquarelli Symonds консалтинг командасында жұмыс жасайды. Бұл халықаралық компания университеттердің рейтингін жасайды, оның ішінде әлемнің үздік университеттерінің QS World University Ranking беделді рейтингі, университеттердің аймақтық рейтингтері, тұрақты даму рейтингтері бар.

QS командасы университеттердің QS рейтингтерінің деректеріне сүйене отырып, дамуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Кеңесші ретінде Дара әлемнің әртүрлі аймақтарындағы университеттермен жұмыс жасайды, сондай-ақ, QS компаниясының Орталық Азия мен Закавказье елдеріндегі консалтингтік жұмысын үйлестіреді.

Бұған дейін Thomson Reuters және Clarivate Analytics компаниясының білім беру командаларында жұмыс жасаған, Nazarbayev University-дің ғылыми электрондық ресурстарының қолжетімділігін үйлестіру, білім беру саласында «Яндекс Кью» платформасына арналған сарапшылар қауымдастығын құрумен айналысқан.

Негізгі жұмысынан бос кезінде шешендік өнерден сабақ береді, бұл бағытта жекелеген спикерлермен, университеттермен және UNESCO секілді халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайды.

Қызығушылықтары — саналылық пен медитация практикалары, оларды білім беру және жұмыс барысында пайдалану.

#
Номинация