- Ерте балалық шақ
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту біздің болашағымыздың негізін құрайды. Біз бәріміз балаларымыздың бақытты және табысты болып өскенін қалаймыз, бірақ бұл мақсатқа жету жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Біздің әрқайсымыздың"табыс" ұғымына қатысты өз түсінігіміз қалыптасқан. Көбінесе бұл сөздің астарында мәртебелі жұмыс пен материалдық молшылық түсінігі жатады. Бірақ, шын мәнінде, эмоционалды сау адамды, өзінің кім екенін, қандай екенін, өзінің дүниеге қатынасын жақсы білетін, басқаның жетегінде кетпейтін және тәуелсіз шешім қабылдайтын адамды табысты деп айтуға болатын шығар. Мұғалімдер мен ата-аналар баланың үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуының іргетасын қалауға, балаға өзінің барлық әлеуетін ашуға және оның бойына қандай басты құндылықтарды дарытуға қалай көмектесе алатынын түсінуге тырысайық.