- Ерте балалық шақ
Ойын — бұл әр қилы және маңызды іс-әрекет, онда бала қарым-қатынас жасауды меңгереді, әлеуметтік нормалар мен ережелерді үйренеді, ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды дамытады. Ойын барысында бала түрлі рөлдерді ойнайды, ересектерге еліктейді, шешім қабылдауға тырысады. Ойын — бұл бала үшін бүтін бір әлем, өзін және басқаларды танудың тиімді құралы болып табылады. Ойнап жүріп оқу ма, әлде оқып жүріп ойнау маңыздырақ па деген сұраққа жауап табамыз. Неліктен бала оқығысы келмейді, гаджетті қалай алып қою керек, мектеп жасына дейінгі балаларды қалай оқыту керек — бұл туралы және тағысын тағылары жайлы халықаралық сессияда талқылайтын боламыз.