#

Евгения Гин

ӨЕШТ (ТРИЗ) — педагогы, «Ал, ойланып көрсек ше?» жобасының негізін қалаушысы

Базалық білімі бойынша Евгения Гин — математик-программист, МИФИ-дің кибернетика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Евгения университетте оқу кезінде және одан кейін де өз мамандығы бойынша жұмыс істеді.

2010 жылы ӨЕШТ (ТРИЗ) халықаралық қауымдастығында ӨЕШТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) маманы ретінде аттестациядан өтті. 2013 жылы ИТ саласынан ӨЕШТ -педагогикаға көшу туралы шешім қабылдады. Содан кейін бірнеше жыл бойы ӨЕШТ шеберлерінен (А.Гин, А. Кудрявцев, С. Фаер) және педагогикалық мектептердің авторларынан (А. Гин және С. Гин, А. Сторожев, А. Лобок, Д. Зицер және т. б.) дәріс алды.

Евгения оқыту шеберлігін арттыру мақсатында бизнес-тренерлерге арналған жылдық оқыту курсынан өтті. Соңғы жылдары Евгения Гин ТМД, Еуропа, Азияның әртүрлі қалаларында мұғалімдер мен ата-аналарға арналған 50-ге жуық семинар-тренингтер өткізді: Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон, Таллин, Ханой, Иркутск, Киев және көптеген басқа қалалар.

Аймақтық және халықаралық деңгейдегі конференцияларда сөз сөйледі (Мәскеу, Санкт-Петербург, Краков, Сеул және т.б.). Сбербанк, МТС, Сибур, Райффайзен Банк сынды т.б. компаниялардың шақыруы бойынша жұмыс істеді.

2018 жылы ата-аналарға арналған «Ал, ойланып көрсек ше?» халықаралық онлайн жобаның негізін қалады. Жобаға қатысушылар күн сайын диалогта балалардың креативті және сыни ойлауын дамыту үшін ТРИЗ-педагогика негізінде авторлық тапсырмаларды алады.

#
Номинация