Дэнни Doyoung Kang
T-IME Education C&P шетелдік бизнес бөлімінің басшысы, Онтүстік Корея
Дэнни Дуян Канг білім берудегі күшті, инновациялық идеяларды тауып және қолдау үшін 2018 жылы Big Puzzle шығармашылық қоғамдастығын құрды. Қауымдастық қатысушыларды өнер және мәдени қызығушылықтарын дамытуға ынталандыратын білім беру жобаларын, шеберлік сабақтарын, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді.
Дэнни Дуянг Кангтың миссиясы:
Дэнни Big Puzzle-ды Кореядағы ірі мәдени орталыққа айналдыруды мақсат етеді. Ол арқылы әр саланың жастары серіктес тауып, өзіндік идея тудырып, сол арқылы қоғам өмірін жақсартатын өнімдер жасай алады.
Дэнни Дуян Кангтың мансабы:
Ол Сеулдегі халықаралық балалар кинофестивалінің бас программисі болып, балаларды дамыту үшін киноны қалай тиімді пайдалану керектігін зерттеді. Қазір ол орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер үшін қызықты білім беру өнімдерін әзірлейтін T-TIME Education C&P компаниясында жұмыс істейді. Мысалы, формулаларды құр жаттап қана қоймай, математиканы шын түсінуге көмектесетін арнайы бағдарламалар мен нұсқаулықтар әзірлейді.