Тим Куайн

Эксетер университетінің вице-президенті және проректордың орынбасары (студенттердің білімі мен тәжірибесі мәселелері бойынша), Ұлыбритания


Профессор Тимоти Куайн Эксетер университетінің вице-президенті және вице-проректордың орынбасары (білім және студенттік тәжірибе мәселелері бойынша) және жер жүйелерін зерттеу ғылыми жобасының профессоры. Тим оқу орнының вице-президенті, білім беру және студенттік тәжірибе мәселелер жөніндегі қызметі бойынша барлық студенттердің жетістігіне бағытталған білім беру стратегиясын жүйелі түрде басқарады. Олар білім ордасына келген сәттен бастап, бакалавриат, магистратура бағытында сапалы оқытуды, бағалауды және келесі сатыға дайындықты қамтамасыз етеді.

Тим студенттер тәжірибесін сапалы және үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету үшін Эксетер студенттерінің қоғамымен, сонымен қатар Фалмут пен Эксетер студенттер одағымен тығыз жұмыс істейді. Жасалып жатқан жұмыстары нәтижелі болу үшін, Тим университетте академиялық сапа мен стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оқу орнының жауапты бөлімдеріндегі білім беру басшылығымен өзара қызметтік байланыста. Жалпы атқарылып жатқан шаралардың барлығы Эксетер студенттерінің оқу сапасын жақсарту, білім тәжірибесін арттыру, инновациялық жаңашылдықты жүйелі түрде енгізуді мақсат етеді.

Тим ғалым ретінде жер бетіндегі топырақ эрозиясы мен шөгінділердің шөгуі негізінде жердің көміртегі айналымының бұзылуына, олардың экожүйелік бедерінің құру салдарын анықтайтын арнайы зерттеулер жүргізеді. Оның мақалаларының 60%-дан астамы халықаралық әріптестерінің, соның ішінде Қытай, Үндістан, Зимбабве, Лесото, Боливия, Сауд Арабиясы, Австралия, Жаңа Зеландия және көптеген Еуропа елдеріндегі университеттер мен институттардың қатысуымен жарияланған.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 14:00 - 14:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Панельді пікірталас
Канал 6
Студенттерде жаңа дағдыларды дамыту үшін оқу бағдарламасын қалай бейімдеуге болады

Жаңа нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларымызды бейімдеуге назар аудара отырып, білім берудің жаңа ландшафтында шарлау...

#
Номинация