Арам Пахчанян
«Айб» Білім беру қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Әрмения
"Айб" мектебі - Армениядағы білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртудың халықаралық мойындалған орталығы. Cambridge Assessment (Кембридж, Ұлыбритания) және UCL Institute of Education (Лондон, Ұлыбритания) бірлесіп мектепте қалыптастырушы бағалау жүйесі әзірленіп, енгізілді, ол тек оқушылардың білімін жиынтық бағалаумен ғана емес, сонымен қатар, бүкіл оқу кезеңі ішінде орындалған практикалық жұмыстар мен жобалардың портфолиосын бағалаумен де толықтырылады.
"Айб" мектебінде оқытудың басты қағидаты — шынайы өмірде қажетті барлық маңызды дағдыларға ие, өздері тұратын елдің тағдырын өзгертуге қабілетті және дайын жауапты азаматтарды, дербес және белсенді көшбасшыларды қалыптастыру. "Айб" мектебінің оқушыларын дайындау жүйесі мен оның түлектерінің дипломдарын әлемнің 65 жетекші университеті мойындады.
Арам Пахчанян Дилижан қаласы (Армения) Орталық мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Монте Мелконян атындағы әскери-спорт мектебі қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Айб" білім беру қорының негізін қалаушылардың бірі, TEDxYerevan консультативтік кеңесінің мүшесі, "Арар" қоры кеңесінің мүшесі болып табылады, әр жылдары даму ұйымдарының басқарушы кеңестерінің мүшесі болған, қоғамдық бастамаларға белсенді түрде қатысады. 2011 жылдан бастап, "Медиамакс" беделді армян басылымының бағанасын - белгілі бір тақырыпқа арналған тұрақты мақалалар бөлімін жүргізеді.
"Айб" мектебі Арменияның және әлемнің түрлі елдерінің педагогикалық ұжымдарымен өзінің практикалық тәжірибесін белсенді түрде бөліседі. "Айб" Гете Институты ұйымдастырған PASH мектептер желісінің мүшесі болып табылады, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Қорымен (Қазақстан) ынтымақтастықта жұмыс жасайды, Ресейдегі озық білім беру жобаларымен тығыз байланыста.
1993 жылы құрылғаннан бері Арам Пахчанян жасанды интеллектке негізделген мазмұнды және бизнес-процестерді зерделі басқару жүйелерін дамытуда көшбасшы — ABBYY халықаралық технологиялық компаниясының дамуына қатысты. 1996 жылы ABBYY компаниясының корпоративтік нарықтағы бизнесінің дамуына жауапты болды, ал 2004 жылдан бастап, компанияның вице-президенті лауазымында әлемнің 98 елінде ABBYY корпоративтік өнімдер тобының халықаралық экспансиясын жүргізді.
Арам — Армениядағы алғашқы Granatus Ventures венчурлық қорының бірлескен инвесторы және консультативтік кеңесінің мүшесі. Қордың қоржынында: Menu Group компаниялар тобы — Армения мен Белоруссиядағы азық-түлік жеткізу көшбасшысы, ол белсенді экспансиясын жалғастыруда, ірі корпорациялар үшін қызметкерлерді көшірудің бірегей сервисін құрған Benivo компаниясы, сондай-ақ, Grofv, Xcloud Networks, 2hz, Sololearn сынды технологиялық стартаптар, олар бизнес құнының бағасы инвестициялау сәтінен бастап бірнеше есе өскен беделді халықаралық сыйлықтардың жеңімпаздары.