Мичелл Заппа

Технологиялық футуролог, ақпараттық дизайнер және Envisioning (технологиялық болжау институты) негізін қалаушы , Португалия

Футурист, ақпараттық дизайнер және ұйымның негізін салушы. Оның жұмысы жылдам өзгерістер қандай салдарға соқтыратынын көрсету және адамның оның технологиялармен қарым-қатынасын түсінуінің әлдеқайда жоғары деңгейіне жетуге ықпал етуге бағытталған.

Мичелл Envisioning — технологиялық болжау институтының негізін 2011 жылы, алыпсатарлық инфографика сериясы жарияланғаннан кейін қалаған. Алғашқы күннен бастап, ол даму бағытын қолдайды, бастапқы әдістемелер мен ғылыми зерттеу жұмыстарының жалпы негіздерінің авторы болып табылады.

Мичелл барлық құрлықтағы жобаларға қатысқан. Ол - көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиясының стратегиясы бойынша кеңесші. Мемлекеттік мекемелермен, компаниялармен, академиялық ортамен жұмыс жасайды. Оның еңбегі WIRED пен TASCHEN баспаларында ұсынылған.

Ол технологиялық трансформация тақырыбында дәріс оқиды. Амстердамдағы THNK шығармашылық көшбасшылық мектебінде технологиялық ойлау модулі үшін, сондай-ақ, Лиссабондағы Сингулярлық университетінде NovaSBE үшін жауап береді.

Мичелл Стокгольмде дүниеге келіп, Сан-Паулу қаласында өскен. Әлемнің алты елінде тұрып, 30-дан астамында жұмыс істеген. Envisioning-ды қолға алмас бұрын, Лондон мен Амстердамда Trendwatching платформасының дизайны мен жасалуын қадағалаған.

Мичелл адамдардың болашағына көп көңіл бөледі және адамдарды болашаққа бей-жай қарамауға шақырады. Ол өз жұмысы арқылы адамдарға жарқын болашақ құрып, соған дайындалуға көмектеседі.

#
Номинация