Холли Кларк
«The Google Infused Classroom» практикалық нұсқаулығының авторы, Google-дың сертификатталған инноваторы, АҚШ Ұлттық Кеңесінің сертификатталған ұстазы, АҚШ
Холли — білім беру саласының сарапшысы, халықаралық спикер, бестселлерлер авторы, студенттер мен мұғалімдердің құқықтарын қорғаушы. Холлидің 20 жылдық ұстаздық тәжірибесі бар және АҚШ-тағы 1:1 сыныбында сабақ беріп бастаған алғашқы педагогтардың бірі.
Ол Нью-Йорктегі Колумбия университетінде педагогикалық дизайн және білім беру технологиялары саласы бойынша магистр дәрежесін алған. Оның құштарлығы — мұғалімдерге оқушылары білімге құмар және жеке ой-өрісі мен дүниені қабылдауын өздері жеткізе алатын сыныптар құруға көмектесу.
Холли — АҚШ Ұлттық Кеңесінің сертификатталған мұғалімі, Google-дың сертификатталған инноваторы. Ал, қазіргі уақытта Infused Classroom, Inc-де оқыту ісін басқарады. Ол әлі де сыныптарға тағы бір мұғаліммен жұптасып сабақ берумен айналысады, өйткені бұл - ұстаздар мен мектептерге оқушыларға негізделген оқыту үрдісін құрудың ең тиімді жолы.
Холли педагогика мен технологияларды стратегиялық қолдану үйлестірілген аралас білім беру ортасы мәселелері бойынша бүкіл әлем мектептеріне кеңес береді. Онда оқу үдерісінің маңызды бөлігі технологияларға сүйеніп құрылады. Ол танымал hollyclark.org білім беру блогын жүргізеді және дүние жүзін аралап, баяндамалар оқып тұрады. Холли Tiktok, Twitter, Instagram желілерінде өте белсенді, парақшасы - @HoleyClarkEdu.
Холли — The Google Infused Classroom, The Microsoft Infused Classroom и The Chromebook Infused Classroom әдістемелерінің авторы.