#

Асылбек Қожахметов

Алматы Менеджмент Университетінің президенті, Қазақстан

Білімі:
• С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін 1980 жылы үздік бітірген.
• Қазақ мемлекеттік заң университетінің «құқықтану» мамандығын үздік тәмәмдаған.
• Мәскеу қаласындағы Экономика жоғары мектебі ұлттық зерттеу университетінің Менеджмент жоғары мектебінде оқып, іскерлік басқару бойынша доктор дәрежесін алған (DBA).
• «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен, Беркли университетінің Haas бизнес-мектебі, Сан-Франциско, АҚШ, «Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару».

Кәсіби қызметі:
1989–1996 жыл — Алматы менеджмент мектебінің негізін қалаушы, бас директоры.
1996–2002, 2009–2014 жылдар — Халықаралық бизнес академиясының негізін қалаушы, президенті.
1994–2003 жылдар — Орталық-Азия менеджментті дамыту қорының президенті.
1996–2002 жылдар — Қазақстан өнеркәсіпшілер Одағы кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері Форумы кеңесінің мүшесі.
1998–2002 жылдар — «Сорос-Қазақстан» қорының басқарма мүшесі.
1998–2003 жылдар — 2003 годы — басқаруды дамыту жөніндегі дүниежүзілік ұйым INTERMAN кеңесінің мүшесі.
2000–2003 жылдар — Басқару білімінің сапасы жөніндегі Еуропалық ұйым кеңесінің мүшесі (EQUAL).
2002–2004 жылдар — ҚР Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.
2011–2012 жылдар — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшылық кеңесінің мүшесі.
2014 жылдан қазірге дейін — «Алматы менеджмент университеті» БМ (AlmaU, бұрын ХБА) негізін қалаушы, президенті.
2015 жыл — Динамикалық қоғамдардағы менеджментті дамытудың халықаралық қауымдастығы — CEEMAN кеңесінің мүшесі.
2015 жылдан қазірге дейін — Басқару жөнінде кеңес беру институттарының (ICMCI) Халықаралық кеңесінің мүшесі.
2016 жылдан қазірге дейін —CEEMAN-ның Орталық Азия бойынша вице-президенті.
2020 жыл — ҚР БҒМ «Университеттерді басқару 2020» жобасының ғылыми жетекшісі.
2020 жылдан қазірге дейін —БҰҰ PRME (United Nations Principles for Responsible Management Education) Жаһандық кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық және шетелдік журналдарда жарияланған менеджментті басқару тақырыбындағы 70-тен астам мақаланың авторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Марапаттары мен атақтары:
• “People to People International” халықаралық ұйымының марапаты, АҚШ — «Бирменгам алауы» (1997 жыл).
• «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісі (1998 жыл).
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2011 жыл).
• «Құрмет» ордені (2013 жыл).
• «Атамекен» ҰКП «Өз ісіне адалдығы үшін» II және I дәрежелі ордендері (2013–2014 жылдар).
• Динамикалық қоғамдардағы менеджментті дамытудың халықаралық қауымдастығы CEEMAN Champions Award «Институционалдық басқару» санатындағы марапат (2014 жыл).
• Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры (2017 жыл).
• ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2018 жыл).
• «Білім беруді қолдау» номинациясындағы «Алтын Жүрек» ұлттық қоғамдық жүлдесі (2018 жыл).
• Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыратын «Жомарт Жүрек» жүлдесін «Туған өлке» номинациясы бойынша алған (2019 жыл).

#
Номинация