Роберт Пломин
Лондон Корольдік колледжінің мінез-құлық генетикасы профессоры, Ұлыбритания
Роберт — Лондонның Корольдік колледжіндегі Психитрия, психология және неврология институтының мінез-құлық генетикасы профессоры. Остиндегі Техас университетінде философия докторы дәрежесін алып, Колорадо Университеті мен Пенсильвания штаты Университетінде академиялық қызмет атқарған. 1994 жылы Ұлыбританияға көшіп барған.
Роберт 900-ден астам еңбек жариялаған, өз саласындағы негізгі оқулықтың және өзге де ондаған кітаптың авторы. Ол өзінің ғылыми жетістіктері үшін мінез-құлық туралы ғылымдар саласындағы барлық негізгі қоғамдардың (Мінез-құлық генетикасы қауымдастығы, Психологиялық ғылым қауымдастығы, Американың психологиялық қауымдастығы, Британ психологиялық қоғамы, Балалар дамуын зерттеу қоғамы, Халықаралық интеллекті зерттеу қоғамы) жүлделерімен марапатталған, сондай-ақ, ол - Америка өнер және ғылым академиясының, Британ академиясының, Америка саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясының, Медициналық ғылымдар академиясының (Ұлыбритания) мүшесі. 2021 жылы Роберт психология саласындағы Гроумейер сыйлығына ие болды.
50 жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ол ДНҚ-дағы тұқым қуалайтын ерекшеліктеріміз бізді жеке тұлға ететін, психикалық денсаулығымыз бен ауруларымызды, жеке тұлғамызды, когнитивтік қабілеттеріміз бен ауытқуларымызды анықтайтын негізгі жүйелік күш болып табылады деген тоқтамға келді. Қоршаған орта да маңызды, бірақ оның әсері біз ойлағандай емес. ДНҚ саласындағы революция адам туыла салған сәттен-ақ, оның ДНҚ қолдана отырып, психологиялық проблемалары мен әлеуетіне қатысты болжам жасауға мүмкіндік берді. Генетикалық зерттеу саласындағы бұл жетістіктер бізді біз ететін дүниелерді түпкілікті түрде қайта қарауды талап етеді. Мұның нәтижесінде бала тәрбиесі, білім беру және басқа да өмірімізді құраушы оқиғаларға қатысты көзқарасымызда ауқымды, тіпті, қарама-қайшы өзгерістер болуы мүмкін. Оның «Жоспар: ДНҚ бізді қалай біз етеді» атты кітабы осы тақырыпқа арналған. (Allen Lane, 2018; Penguin Press, 2019).