Брайан Битти

Сан-Франциско Мемлекеттік университеті теңдік, көшбасшылық және әдістемелік дайындық кафедрасының оқыту әдістемесі профессоры, АҚШ

Доктор Брайан Битти — Сан-Франциско Мемлекеттік университеті теңдік, көшбасшылық және әдістемелік дайындық кафедрасының оқыту методикасы профессоры. Брайанның басты қызығушылықтарының арасында онлайн-оқытудағы әлеуметтік әрекеттесу, аралас оқытуды енгізу және «гибридті-икемді» оқу орталары үшін оқытудың теориялары мен әдістемелерін жасап шығару бар. Сан-Франциско университетінде доктор Битти аралас оқытуға арналған HyFlex курсында «студентке бағытталған» гибридті тәсілді қолданып, үлгерімді бағалау жүйесін алғашқы болып жасап шығарды. Осылайша, студенттерді қолдау деңгейін көтерді.

Оған дейін, 2012-2020 жылдары Брайан Сан-Франциско Мемлекеттік университеті вице-президентінің академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары болды, оқыту әдістемелері бөлімшесіне жетекшілік етіп, университеттің академиялық бағдарламаларына технологияларды енгізуді басқарды. Ол басқа бөлімшелердің ақпараттық технологиялар мамандарымен тығыз жұмыс жасап, Сан-Франциско университетіндегі ақпараттық технологияларды жалпы стратегиялық басқаруды үйлестіріп отырды. 2012 жылға дейін Брайан Сан-Франциско штатының Жоғары педагогикалық колледжінің арнайы шақырылған профессоры және оқыту әдістемелері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2002 жылы Блумингтондағы Индиана университетінде оқыту әдістемелері саласының докторы дәрежесін алды. Доктор Биттидің басқа да түрлі пәндерді оқыту сертификаттары бар, Маркетт университетінде техникалық ғылымдар бакалавры дәрежесін, Сан-Франциско штатында оқыту әдістемелері саласының магистрі дәрежесін алған. Доктор Биттидің мектептерде, кәсіпорындарда және АҚШ Әскери-теңіз күштерінде сынып жетекшісі, нұсқаушы, оқыту бағдарламаларын жасаушы ретінде 25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

#
Номинация