Илья Захаров
Brainify.ai сервисінің аға ғылыми қызметкері
2012 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің психология факультеті Психофизиология кафедрасын тәмәмдаған. Ал, 2008-2014 жылдар аралығында Сербский атындағы әлеуметтік және сот психологиясы Мемлекеттік Ұлттық орталығының клиникалық нейрофизиология зертханасында лаборант, Солтүстік-Батыс психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдау орталығы мен нейрореабилитация және сөйлеу патологиясы орталығында психофизиолог болып қызмет еткен. 2014 жылдан бері — Ресей Білім беру Академиясының Психология институтындағы жас психогенетикасы зертханасының қызметкері. Ресей Білім беру Академиясының «Жас ғалымдарға ғылымдағы жетістіктері үшін» медалінің лауреаты.
Ғылыми қызығушылықтарына психофизиология мен танымдық ортадағы жеке айырмашылықтардың психогенетикасы жатады.