Владислав Корнышев

Skyeng компаниясының R&D-менеджері

Қазіргі уақытта Владислав Skyeng компаниясында зерттеу және әзірлеу жұмыстары жөніндегі менеджер (R&D) қызметін атқарады, онда ол басқа мамандармен бірге келесі буынға арналған дараланған білім беру жүйесін қалыптастыру үшін, жасанды интеллект пен машиналық оқыту негізінде тіл үйрену және STEM-оқыту (ғылым, технологиялар, инженерия мен математика қиылысатын) технологияларын әзірлеумен айналысады.

Сонымен қатар, ол зерттеу және әзірлеу саласында консалтингтік қызмет көрсететін өзінің жеке NEXT G-Innovation агенттігінің негізін қалаған. Владислав пен оның командасы компанияларға зерттеу мен әзірлеу саласындағы озық тәжірибеге сүйене отырып, жаңаша өнімдер шығаруға көмектеседі. Олардың іске асыратын жобалары тек тиімді R&D-үдерістер жасап шығаруға ғана емес, зертеу мен әзірлеу жұмыстарын іске асыратын сыртқы мердігер қызметін атқаруға да бағытталған.

#
Номинация