#

Сағынғали Қалиев

Galaxy International School мектебінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, тарих пәнінің мұғалімі , Қазақстан

2011 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген.

2011-2012 жылдары Назарбаев университетінің Кәсіби даму бағдарламасының (PDP) тыңдаушысы болды, 2014-2016 жылдар аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде оқыту курсынан өтіп, халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алған.

Тарих пәнінің ұстазы (2012–2019 жылдар), кеңейтілген эссе үйлестірушісі (2014–2017 жылдар), Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (2017–2019 жылдар) болған. 2019-2020 жылдар аралығында Шанхайдағы Kang Chiao International School East China мектебінде «тарих», «адам және қоғам» пәндерінен сабақ берген. 2020 жылдың тамыз айынан бастап, бүгінге дейін Galaxy International School мектебінде тарих пәнінің мұғалімі және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі.

2015 жылы Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының ата-аналарынан, 2015 және 2017 жылдары Астана қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің директорларынан, 2017 жылы Назарбаев Университетінің Graduate School of Education деканынан, 2019 жылы Jiangsu Province MYP Network (ҚХР) төрағаларынан алғыс хаттар алған. 2016 жылы «сарапшы мұғалім» санатына қол жеткізді.

Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасының 9 және 11-сыныптарға арналған дүниежүзі тарихы оқулықтарының авторы. 2015 жылдан бастап, International Baccalaureate Organization және 2021 жылдан бастап, Cambridge International Examinations — A-Levels халықаралық білім беру жүйелерінің емтихан алушысы.

Қазақстан, Германия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, ҚХР өткен семинарлардың тыңдаушысы болған. Италияда өткен халықаралық конференция қатысушысы. Ресей мен Нидерландыдағы халықаралық конференциялардың спикері. 2017 жылы Назарбаев Университеті өткізген «100 сарапшы» бағдарламасына қатысқан.

Digital Ustaz Almaty 2021 байқауының жеңімпазы.

#
Номинация