Моханна Азарманди
Microsoft Germany компаниясының оқыту жөніндегі директоры , Германия
Моханна Азарманди Microsoft Germany компаниясының оқыту жөніндегі (CLO) алғашқы директоры, әрі компанияда жуырда құрылған дағдылар және оқыту мамандары бөлімін басқарады. Бұл бөлімнің мақсаты - Microsoft қызметкерлерінің техникалық, кәсіби және маркетингтік дағдыларын анықтап, қажетті деңгейге жетуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, Microsoft серіктестері мен клиенттеріне цифрлық дәуірде инновациялар мен бәсекеге қабілеттілік үшін қажетті техникалық дағдыларды қалыптастыруға көмектесу. Ол Microsoft Education командасымен мектеп, университет шәкірттері мен оқытушыларының болашақ дағдылары мәселелері жөнінде тығыз жұмыс жасайды және табысы төмен, аз қамтылған аудитория үшін тегін білім алу мүмкіндіктерін ашудан ләззат алады.
Microsoft-тың оқыту жөніндегі (CLO)әлемдегі ең жас директоры бола отырып, ол өзін «бұлтта» дүниеге келген цифрлық технологиялар жақтаушысы санайды, әрі технологиялар мен цифрлық дағдылардың адам мен мен қоғамға берер мүмкіндіктерін толықтай түсінеді.
Моханна үшін цифрлық дағдылар - жай ғана мақсат емес, өмір салтына айналып кеткен. Бұл - адам мен технологиялардың бірігіп, айналамыздағы әлемді өзгертуі, өйткені әрқайсымыз бұған өз үлесімізді қосамыз.
Моханнаның психология мен саясаттану магистрі дәрежесі бар, Берлинде тұрады.
Ол технологияларға, олардың адам өмірін жақсарту үшін ұсынатын мүмкіндіктеріне қызығады, жаңа дағдыларды зерттейді, ал, бос уақытында әйел кәсіпкерлер, жас мамандар мен стартаптардың менторы ретінде жұмыс жасайды.