Гер Граус
Білім беру мәселелері бойынша жаһандық сарапшы, түрлі сарапшылық топтардың төрағасы және мүшесі , Ұлыбритания
Доктор Гер Граус OBE білім беру қауымдастығындағында өте танымал. Кидзанияның білім беру мәселелері жөніндегі алғашқы жаһандық директоры болды және Балалар университетінің негізін қалап, жетекшілік етті.
2019 жылы д-р Граус Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінің шақырылған профессоры болды. Бұдан бөлек, д-р Граус Hello Genius-тің директорлар кеңесіне төрағалық етеді және Ұлыбританиядағы Kabuni-дің, Түркиядағы Twin Science-тың консультативтік кеңестерін басқарады.
Гер Граус 1983 жылы Біріккен Корольдікке көшіп барып, еңбек жолын оқытушы ретінде бастаған, кейін білім беру жөніндегі аға инспектор және директор болды.
Д-р Граус - Bett Жаһандық білім беру кеңесінің, Үндістандағы DIDAC консультативтік кеңесінің, JA Worldwide ғаламдық кеңесінің мүшесі, Пәкістандағы Beaconhouse мектептер жүйесінің консультативтік кеңесін басқарады, Италиядағы Fondazione Reggio Children-ге кеңес беру қызметін көрсетеді, Дубайдың болашағын құру кеңесі мүшесі ретінде білім беру саласының келешегі туралы пікірін бөлісу үшін Дубайға шақырылған.
2014 жылы Гер Граус патшайымның туған күніне орай, марапат алушылар тізіміне қосылып, балаларға сіңірген еңбегі үшін Британ империясы Орденінің құрметті кавалері атағына ие болды.
«Табиғи жолмен дүниеге келген шәкірттер» кітабының авторы Алекс Биард біздің спикерімізге мынадай сипаттама берген: «Кәсіби терминдермен айтар болсам, Гер-Граус — Жан-Жак Руссо мен Вилли Вонканың қосындысы».