Дебора Эйр

High Performance Learning-нің негізін қалаушы және төрайымы, Ұлыбритания

Дебора High Performance Learning-нің («Жоғары нәтижелі білім беру») негізін салушы, әрі төрайымы. Оның кәсіби мансабы студенттердің когнитивті қызметінің жоғары нәтижеге жетуіне көмектесуге арналған. Ол High Performance Learning ұйымын адамдардың көбісі жоғары нәтижеге жете алатынын түсініп, соған сәйкес оқу орындарын құрылымдау үшін педагогикалық ойлаудағы жүйелі өзгерістерді дамыту мақсатында құрған.

Білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы, ғылыми қызметкер, жазушы, инфлюенсер бола отырып, Дебора Ұлыбританияда және бүкіл әлем бойынша лауазымы жоғары қызметтерді атқарған, сондай-ақ, Ұлыбритания, Гонконг, ОАР, Сауд Арабиясы, АҚШ пен Сингапурда мемлекеттік органдарға, білім беру қорларына кеңес берумен айналысқан.

2010-2014 жылдары ол Nord Anglia Education халықаралық мектептер желісінің халықаралық білім беру жөніндегі директоры болды, ал оған дейін Ұлыбритания үкіметі Уорик университетінің базасында құрған дарынды және талантты жастарға арналған Ұлттық инновациялық академиясының (National Academy for Gifted and Talented Youth — NAGTY) директоры болды.

Қазіргі уақытта Дебора белсенді жұмыс жасауда: кітаптар, мақалалар мен сараптамалық материал жазумен айналысып жүр. Профессор Эйр лондондық Ситидің құрметті азаматы (фримені) болып табылады және түрлі кеңестердің құрамына кіреді.

#
Номинация