#

Айгерім Үзембаева

EdCrunch Reload конференциясының жүргізушісі, Қазақстан

ҚТЛ, КИМЭП университетінің түлегі (халықаралық журналистика және БАҚ), үкіметтік, қалалық, республикалық, халықаралық концерттер, жобалар, ивенттерді қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде жүргізеді. Негізінен қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аудармамен айналысады.

Сахнада 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін мемлекет басшылары мен өзге елдер өкілдерінің қатысуымен өткен көптеген шараларды жүргізген. Соңғы жүргізген ивенттері: 11 президенттің қатысқан 6-шы Саммит — 2022 жыл, EXPO Dubai — 2022 жыл, EXPO Milan — 2015 жыл, Универсиада — 2017 жыл, Азиада — 2011 жыл.

Сондай-ақ, түрлі халықаралық спорттық чемпионаттар, турнирлер жүргізеді.

Қазіргі уақытта Harvard Business School-да (Boston) қашықтан магистрлік білім алып жатыр.

Mrs. Kazakhstan Universe 2022 титулының иегері, бір айдан кейін Mrs. Universe 2022 конкурсында Қазақстан намысын қорғайды.

#
Номинация