Хасият Сайдиганиева

Oxbridge International School халықаралық бакалавриат мектебінің директоры, Өзбекстан

Хасият — халықаралық педагог және жоғарғы буын жетекшісі ретінде 15 жылдық тәжірибесі бар білігі жоғары мектеп басшысы.

Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің (Қазақстан) директор орынбасары, Джакартада (Индонезия) халықаралық педагог ретінде қызмет еткен. Қазіргі уақытта Ташкенттегі (Өзбекстан) Oxbridge International School халықаралық IB мектебінің директоры.

Хасият —MYP, DP бағдарламаларының тәжірибелі үйлестірушісі, 13 жылдық тәжірибесі бар IGCSE, IB MYP English, AS/A-Level Global Perspectives ұстазы.

Шетел филологиясының бакалавры дәрежесі мен TESOL сертификаты бар, білім берудегі көшбасшылық саласы бойынша магистратура бітірген. Ұлыбританиядағы Сассекс университетінде мектептегі көшбасшылық бойынша оқу курсынан өткен. Гарвард университетінің Жоғары білім беру мектебі мен Гарвард университетінің Бизнес мектебінің көшбасшылық және мектеп менеджменті жөніндегі сертификатын алған.

Оның мектеп жетекшісі ретіндегі мықты тұстары — мектеп ашу және ұйымдастыру, стратегиялық жоспарлау мен дамыту бойынша, сондай-ақ, мектепті халықаралық аккредитация (CIS) және авторизациядан (IB) өткізудегі мол тәжірибесі.

Бүгінде Хасият басшылық ететін Ташкенттегі халықаралық мектеп оның жетекшілігімен 8 ай ішінде аккредитациядан өткен IB мектепке айналды, ал, 2 жылда толық циклды IB мектеп атанды.

Хасият мектеп басшысы ретінде оқушыларға сапалы білім беруге көмектесетін жаңа тәжірибе жинақтау үшін үнемі ізденіс үстінде, білімін жетілдіріп, жаңа міндеттерді шешуге қашан да дайын.

Хасият өз миссиясы мен мақсаттарына жету жолында мектеп басқару мен маңызды мәселелерді шешудегі басты рөлдердің бірін атқару шын мәнінде баға жетпес құндылық және пайдалы іс деп санайды.

#
Номинация