Фрвен Лим
DP Architects сәулет компаниясының Лондондағы кеңсесінің директоры, Ұлыбритания
21 жылды құрайтын кәсіби мансабында Фрвен мол тәжірибе жинақтады: ол қатысқан жобалар 11 мың баспана мен 2 миллион шаршы метр аумақты қамтиды.
Фрвен Лондонның Сәулет бірлестігінде оқыған, 1999 жылы бакалавр дипломын, 2001 жылы ландшафтты урбанистика саласының магистрі дипломын (үздік) алған.
Өз жұмысында ол эксперименталды-зерттеу тәсілін қолданады. Оның бұл ерекшелігі жобаларынан көрініс тауып, жобалаушы ретінде мойындалуына септігін тигізді. 2010 жылы Фрвен Сингапур қала шаруашылығы мен даму Басқармасының беделді бастамасымен іске асатын «45 жасқа дейінгі 20 сәулетші» тізіміне еніп, үздіктердің бірі деп танылды.
Өз мансабы аясында Фрвен сан алуан жобаларға жетекшілік еткен: шағын қалалық нысандар мен қала құрылысына бөлінген ірі аумақтардан бастап, кешенді даму жоспарларына іске асырумен де айналысты. Оның қатысуымен Азия, Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания мен Еуропада жүзеге асқан жобалар тізімі де сан алуан: олардың ішінде тұрғын үй, коммерциялық нысандар да, бөлшек саудаға арналған нысандар да, көптеген үкіметтік комиссиялар құрамында жасалған жұмыстар да бар.
Ұлыбританияда оның қатысуымен тұрғызылған маңызды жобалардың қатарына Лондондағы Гросвенор-скверде орналасқан Biltmore LXR керемет қонақ үйі мен көптеген коммерциялық жобаларын жатқызуға болады. Одан бөлек, Фрвен бүкіл әлем бойынша салынып жатқан мегажобаларға, оның ішінде Қытайдағы зәулім ғимараттардың құрылысына да жетекшілік етеді.
Фрвен жан-жақты жетістіктер саласының беделді сарапшысы саналады, өзінің «әлемді дизайн арқылы жақсы жағына өзгерту» деген өмірлік ұраны бар, архиректура бүкіл адамзаттың бақытқа жетуіне септігін тигізетініне сенеді. Оның новаторлық мақалалары мен әлеуметтік желілердің платформаларында өтетін вебинарлары дәл осы идеясына негізделген. DP тобында Фрвен адамның әл-ауқатын анықтайтын дизайн әзірлеумен байланысты жаһандық бағыт үшін жауап береді.
Фрвен Гарвард дизайн жоғары мектебінде, Лозаннаның федералды политехникалық мектебінде (Швейцария) және Сингапур ұлттық университетінің Сәулет мектебінде шақырылған кеңесші-сыншы ретінде жұмыс істеген.
Ол сондай-ақ, көптеген жарияланымдардың авторы және редакторы, Олардың төртеуі әлемге әйгілі кітаптар: “Housing People”, “1degNorth”, “Crafting Public Realms” және “Project 2050”. Бұдан бөлек, 2015 жылы жазда Париж ратушасында өткен «1000+ Singapores» көрмесінің мәнін ашатын мақаланы дайындауға қатысқан.