Моти Кристал
Келіссөздер жүргізу бойынша жетекші сарапшы, NEST Group-тың негізін қалаушы, NEST Consulting-тің бас директоры, Израиль
Моти Кристал NEST Group компаниясының құрылтайшысы, NEST Consulting-тың бас атқарушы директоры. Израильдің келіссөздер жүргізу бойынша ең беделді сарапшысы ретіндегі керемет мансабының нәтижесінде Кристал мырза келіссөздер әлеміне өзінің бірегей жүйелік тәсілін енгізу үшін және экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларындағы компанияларына тәжірибесін ұсынып, жетістікке жеткізу мақсатында NEST компаниясының іргесін қалады.
Кристал мырза Израильдің келіссөздер топтары құрамында түрлі ресми қызметтерді атқарды. Оның соңғы лауазымы— ел премьер-министрі аппаратындағы келіссөздер үдерісін басқару орталығы директорының орынбасары.
2001 жылдан бері Кристал мырза АҚШ, Еуропа, Ресей, ТМД және Азия елдерінің бизнесмендеріне, топ-менеджерлеріне, компаниялардың басшыларына, лауазымы жоғары мемлекеттік қызметкерлерге күрделі келіссөз үдерістерін жоспарлау, әзірлеу және талдау жөнінде кеңес берумен, тренинг өткізумен айналысады.
Энергетика, құрылыс, қаржы, технологиялық, фармацевтикалық, көлік, аэронавигациялық секторларда жұмыс істеу тәжірибесі бар, келісімшарттарға қол қою, іскерлік мәдениетаралық дауларды шешу, компания басшылары мен кәсіподақтар арасындағы келіспеушіліктерді реттеу, біріктірілгеннен кейінгі интеграциялық мәселелер, компаниялар мен мемлекеттік деңгейлердегі жобаларды қадағалау және кризистік басқару жөніндегі күрделі келіссөздерге қатысқан.
Кристал мырзаның Израиль қорғаныс әскерінің подполковнигі әскери шені бар, дағдарыстық келіссөздер жүргізудегі практикалық тәжірибесі мол. Ол, сондай-ақ, кризистік жағдайлардағы келіссөздер үдерісі мен күрделі дағдарыс жағдайларын реттеу жөнінде әлем бойынша дәрістер оқып тұрады. Соңғы жылдары ол дағдыларының аясын кеңейтіп, киберортадағы кризистік жағдайларды басқару, бопсалаушы-бағдарламаларын қолданатын киберқылмыскерлермен келіссөздер жүргізуді игерген.
Ол Адам мінез-құлқының динамикасы институтының құрылтайшы-мүшесі, Сколковоның Келіссөздер және желілік ұйымдар орталығының профессоры, Тель-Авив университетінің Коллер менеджмент мектебі мен жетекшілерге арналған іскерлік әкімшілік бағдарламасының және Герцлиядағы Райхман атындағы университет жанынан құрылған Арисон атындағы бизнес-әкімшілік мектебінің оқытушысы.