Эмре Фырат
Ыстамбұлдағы Роберт колледждің оқу бағдарламасы жөніндегі деканы, Түркия
Ыстамбұл қаласындағы 1863 жылдан бергі ең беделді және жетекші оқу орны саналатын Роберт колледждің оқу бағдарламалары жөніндегі деканы. Білім беру технологияларына машықтанған, оқу жоспарларын әзірлеу, деректерді талдау, өлшеу және бағалау үдерістерінің көмегімен академиялық бағдарламаны жетілдіру үшін жауап береді.
Оның басты мотивациясы — студенттер мен оқытушылар өз оқуларынан және жұмыстарынан қажеттінің бәрін алуы үшін, оларды қолдау.
Білім беру саласындағы жолын математика пәнінің мұғалімінен бастаған Эмре Фырат өзін өмір бойы оқып келе жатқан адам деп сипаттайды. Технологиялар күн санап өзгеріп, дамып отырған әлемдегі білім беруге ол «кез-келген нәрсенің жақсырақ нұсқасын табуға болады» деген ұранға сүйене отырып, футуристік көзқараспен қарайды.