Анастасия Осокина
Global People Solutions-тың «Жетекшілерді дамыту» өнімінің директоры
Бизнес-оқыту мен HR-консалтингте 14 жыл жұмыс істеп келеді. Бұл уақыт аралығында бірнеше мың адамды оқытып, ұйым ішінде тиімді жұмыс істеп жатқан үдерістерге айналған бірқатар жобаны іске асырған.
«Диасофт», «Траст» Ұлттық Банкі, «Газпромбанк», «Уралсиб» секілді компанияларға білім беру жүйелерін әзірлеп, енгізген.
«Сибур», ТКҰЖ («Мир» төлем картасы), Splat компанияларымен жұмыс жасаған.
Қызметкерлердің құзыреті бизнес-мақсаттарға сай болуы үшін, супер-тренинг өткізу жеткіліксіз. Бір-бірін толықтырып тұратын білім беру элементтері бар жүйе ғана нәтижеге жеткізе алады. Бизнестің тиімділігі — ол, ең алдымен, бизнесті басқарып отырған жетекшілердің жұмысының тиімділігіне байланысты. Өз қызметінде Анастасия басқару дағдыларын дамытуға айрықша мән береді.