Евгений Сжёнов

«Ғылыми-білім беру саясаты» сарапшылық-талдау орталығының ғылыми жетекшісі, Ресей

2003 жылы Ресей Халықтар достығы университетін «мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2009 жылы Евгенийге әлеуметтік ғылымдар кандидаты ғылыми атағы тағайындалды. 2008–2016 жылдары Оксфорд университетінде (Ұлыбритания), Стенфорд университетінде (АҚШ), Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) біліктілікті арттырудан өткен.

2006–2011 жылдар аралығында Қосымша кәсіптік білім беру институтының мемлекеттік және муниципалды білім беру кафедрасына жетекшілік етті, сондай-ақ, Ресей Халықтар достығы университетінің проректоры қызметін атқарды.
2011-ден 2013 жылға дейін РХШжМҚА білім беру жобалары орталығы мен М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының үздіксіз білім беру орталығын басқарды.

2013-2016 жылдары МИСиС ҒЗТУ құзыреттілік орталығы мен Жоғары білім сапасы институтының директоры болған.

2017 жылдан бері ЭЖМ ҒЗУ Білім беру институтының жетекші сарапшысы, «Ғылыми-білім беру саясаты» сарапшылық-талдау орталығыныңС ғылыми жетекшіі болып жұмыс істейді.

2011 жылдан бастап — Ресей Федерациясының Президент әкімшілігі, Ресей Федерациясы Үкіметінің аппараты, Ресей Білім және ғылым министрлігі жетекшілерінің, аймақ басшылары, Ресейдің білім беруді басқару саласындағы жетекші университеттерінің ректорларының тұрақты кеңесшісі.

Евгений — Ресейдің қосымша кәсіптік білім беруді басқару саласындағы жетекші мамандарының бірі.

Ресей Федерациясы Үкіметінің мүшелері мен Төрағасының, сондай-ақ, аймақ басшыларының қатысуымен өткен кәсіптік білім беруді басқару жөніндегі 20-дан астам бүкілресейлік конференция ұйымдастырған.

2006-2018 жылдары Ресейдің жоғары білім саласындағы 200-ден астам білім беру ұйымына қосымша кәсіптік білім беру жүйесін енгізген.

2015 жылдан бері Шығыс Еуропадағы білім беру саласындағы мемлекеттік және халықаралық жобалардың үйлестірушісі болып жұмыс істейді.

2006 жылдан бері Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы, оның орынбасарлары мен Үкімет мүшелерінің, Ресей аймақтары басшыларының, университет ректорларының, мемлекеттік корпорациялар басшыларының, даму институттарының, алдыңғы қатарлы ғалымдардың қатысуымен өткен білім беруді, ғылым мен жастар саясатын басқару жөніндегі 100-ден астам бүкілресейлік және халықаралық форум өткізген.

2017 жылдан бастап жыл сайын ПХЭФ мен БЭФ негізгі іскерлік басдарламасының сессияларын ұйымдастырып, модераторлық етеді.

2011 жылы Ресей Федерациясындағы үздіксіз білім беру саласы жетекшілерінің ең ірі (1000 астам мүшесі бар) қоғамдық-кәсіби бірлестігі — «Үздіксіз білім беру халықаралық бірлестігі» КЕС құрып, 2014 жылға дейін жетекшісі болған.

2011-2012 жылдары білім беру заңнамасын реформалауды қоғамдық талқылауға белсене қатысты, «Ресей Федерациясындағы білім туралы» федералдық заңның бірқатар ережелерінің авторларының бірі болды.

2017 жылдан бастап, бүгінде 50 мыңға жуық адамды, оның ішінде бірнеше мың басқарма басшысы біріктіретін білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы кәсіби қоғамдастықтың ірі бейресми қоғамдық бірлестігі —«Ғылыми-білім беру саясаты» сарапшылық-талдау орталығын дамытумен айналысып келеді.

2021 жылдан бастап Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Ғылым және жоғары білім комитеті жанындағы үздіксіз білім беру жөніндегі сарапшылар кеңесінің, Ресей Федерациясы Думасының Мемлекеттік Жастар саясаты комитеті жанындағы жастар саясаты жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі. Ресей Оқу-ағарту министрлігінің блогер мұғалімдерін іріктеу жөніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі. Мәскеу халықаралық білім беру салонының ұйымдастыру комитетінің мүшесі.

2019 жылдан бастап Евгений Сжёнов «Ресей – мүмкіндіктер жері» АКЕҰ жобаларын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді. 2021 жылдан бері ол TopBLOG жобасының тәлімгері, президенттік платформа өткізетін көптеген іс-шаралардың медиа серіктесі, модераторы және қатысушысы.

#
Номинация