Асқар Хикметов
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры (ХАТУ), Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ХАТУ басқарма төрағасы және ректоры. Математикалық модельдеу және есептеу математикасы жөніндегі сарапшы (мамандық номері 05.13.18).
Жоғары білімді цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу, әлемнің жетекші IT-компанияларымен коллаборация жасау бойынша тәжірибесі мол.
ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясында инженер болып жұмыс істеген. Атқарған қызметтері: Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының оқытушысы, есептеуші және ақпараттық технологиялар оқу-әдістемелік зертханасының меңгерушісі, деканның ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, оқу-әдістемелік басқарма басшысы, академиялық мәселелер департаментінің директоры, оқу ісі жөніндегі проректоры.
Оның ғылыми қызығушылықтары турбуленттілік теориясының есептерін, математикалық модельдеу, жоғары өнімді есептеулерді ұйымдастыру салаларын қамтиды.
Турбуленттілікті модельдеу және есептерді шешуге арналған ақпараттық жүйелер әзірлеу мәселелеріне арналған 70-тен астам ғылыми жұмысы жарық көрген.
2002 жылдан бері университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді атсалысып келеді. Жетекші ғылыми қызметкер ретінде іргелі және қолданбалы зерттеу бағдарламалары, халықаралық серіктестік бағдарламалары мен шаруашылық-келісімшарт тақырыптарына қатысты жобалардың жетекшісі және орындаушысы болды.
2015 жылы Leadership Foundation for Higher Education — Professional Development Programme for Higher Education Leaders of Kazakhstan 2015 біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, оның нәтижесінде ҚР БҒМ үшін отандық ЖОО кәсіпкерлік оқу орындарына транформациялау жөнінде ұсыныстар жасаған.
Еңбек жолы барысында келесі марапаттарға ие болған: «Қазақстан халқының бірлігі» («Бірлік») медалі, ҚР БІМ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, ҚР БҒМ құрметті грамотасы, «Қазақстан полициясына — 25 жыл» медалі, сондай-ақ, түрлі алғыс хаттар.
- Жоғары білім
Генеративті жасанды интеллект білім беру саласына елеулі әсер етеді және біз оның ЖОО-дағы студенттердің жұмысын бағалау мен тексерудің дәстүрлі...