#

Гүлзада Шакуликова

«С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректоры, Қазақстан

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің басқарма төрағасы-ректоры.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру жөніндегі Орталық комиссиясының мүшесі.

“KazEnergy” Бірлестігі жанындағы әйелдер энергетикалық клубының атқарушы комитетінің мүшесі.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері Қауымдастығының мүшесі.

«Болашақ» бағдарламасы түлектері қауымдастығының Атырау облысы бойынша төрайымы.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің “Sustainable Development Goals Club”-тың негізін қалаушы және жетекшісі.

“Microeconomics of Competitiveness Faculty Workshop at Harvard Business School” семинарларының тұрақты қатысушысы.

Жоғары білім беру саласында 25 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қазақстанның ең үздік ЖОО-да жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін еліміздің индустрия саласын білікті инженерлермен қамтамасыз ететін индустриалды университетке трансформациялау үшін белсенді жұмыс атқаруда.

ESG-дің маңыздылығы мен қажеттілігін жете түсініп, Орталық Азия мен Қазақстанда алғаш рет экономикалық, әлеуметтік және экологиялық ресурстарды теңгерімді басқаруға негізделген тұрақты даму аясындағы МВА дипломын беретін бағдарламаның ашылуына бастамашы болды.

“KazEnergy” Бірлестігі жанындағы әйелдер энергетикалық клубының атқарушы комитеті мүшесі ретінде Орталық Азиядағы алғашқы «Энергетикалық саладағы әйелдердің көшбасшылығы» атты бірегей MBA бағдарламасын іске асырды. Бағдарлама 2022 жылы қазан айында көпшілік назарына ұсынылды.

2022 жылдың күзінде Атырау мұнай және газ университеті жанынан «Мұнай саласындағы Гарвард» саналатын Губкин университетінің филиалы ашылды. Ол бүкіл Каспий өңіріндегі талантты жастардың Атырау облысына шоғырлануына септігін тигізеді.

Ректордың ғылыми қызығушылықтары Қазақстанның мұнай-газ саласының экономикасымен байланысты. 33 жасында ол «Мұнай-газ кешенінің стратегиялық дамуын басқару: тенденциялар мен басымдықтар» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 35 жасында профессор ғылыми дәрежесін алды.

80 ғылыми еңбектің, оның ішінде, монографиялардың авторы ретінде Гүлзада Шакуликова энерго-менеджментте жаңа ғылыми дәреже алуды жоспарлауда.

Оның еңбектері халықаралық марапаттарды иеленген, атап айтсақ, “Best Presentation Award” жүлдесі, Ateneo de Manila University, 2019 жылдың маусымы: “Shared Economy and Entrepreneurial Ecosystems”; “E-logistics for Multimodal Transport Framework Using Cloud-based Approach”.

Кинематограф саласына қызығады, әсіресе, фестивальдық кинокартиналарды ұнатады, классика жанрының тұрақты оқырманы. Жетістікке емес, жетістік беретін құндылықтарға ұмтылу керек деп есептейді.

Меңгерген тілдері: қазақ тілі (ана тілі), орыс тілі (еркін), ағылшын тілі (еркін).

#
Номинация