#

Светлана Авдеева

ЭЖМ ҰЗУ Жаңа конструкттар мен тест дизайндарын өлшеу зертханасының меңгерушісі

Светлана Авдеева ЭЖМ ҰЗУ Мәскеу қаласындағы Жаңа конструкттар мен тест дизайндарын өлшеу зертханасына жетекшілік етеді.

Қазіргі уақытта зертханада XXI ғасыр дағдыларын өлшеуге арналған құралдар жасау бойынша бірқатар жоба іске асырылып жатыр: 4К әмбебап-құзыреттіліктер, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктер (www.ictlit.com), проблемаларды шешу, цифрлық сауаттылық (https://dl.hse.ru/demos) және басқа да жобалар.

2008–2017 жылдары білім беру жүйесін ақпараттандыру саласындағы ірі федералды жобаларды басқарған, олардың шеңберінде Цифрлық білім беру ресурстарының бірыңғай топтамасы (http://school-collection.edu.ru), 450-ден астам мектепаралық әдістемелік орталық, «Открытый класс» желілік білім беру қауымдастықтары (www.openclass.ru) жасалып, 200 000-нан астам мектеп мұғалімі мен әкімші білім беру ісінде цифрлық технологияларды қолдануды үйренді.

Білім беру саласын ақпараттандыру жөніндегі 40-тан астам еңбектің авторы.

#
Номинация