#

Мария Зеленова

Клиникалық және кризистік психолог, дәріс оқушы, жаттықтырушы, медиатор, психология оқытушысы

Практикалық тәжірибесі 15 жылды құрайтын клиникалық және кризистік психолог. Адамның өз-өзімен және өзге адамдармен қарым-қатынасы мәселелері бағытында жұмыс жасайды. Тренингтер, медитациялық сессиялар жүргізеді, жалпы психологиядан сабақ береді, БАҚ сарапшы ретінде пікір білдіреді. Адамдарға жасқа байланысты және тұлғалық дағдарыстарды еңсеруге, айналасындағылармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Марияның мамандығының бір бағыты — жасөспірімдермен жұмыс.

Әлеуметтік сектормен тығыз жұмыс жасап, қайырымдылық жобаларына белсенді қатысады. Психолог-сарапшы ретінде Бразилияның Уберландия, Минас-Жерайс қалаларында “Ação Moradia” КеҰ жұмыс жасады. Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Журавлик» қайырымдылық қоры мен «Травли NET» бағдарламасында алдымен психолог, кейін психология бөлімінің жетекшісі болды.

Буллинг мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар, жасөспірімдер мен ересектердің коммуникативтік дағдыларын, эмоциялық интеллектін дамыту тақырыбындағы халықты психологиялық ақпараттандыруды дамыту және психотүзеу жұмыстары шеңберінде түрлі қайырымдылық қорларымен, жоғары, орта, бастауыш білім беру мекемелерімен жұмыс жасаған. Сондай-ақ, студенттер, психологтар, психотерапевтер, психиатрлар, мектеп психологтары, мұғалімдер мен тьюторлардың кәсіби біліктілігін арттырумен айналысқан.

Бизнестегі психологиялық үдерістерді құруға көмектеседі, психологиялық портреттер жасайды, қызметкерлердің психологиялық сараптамасын өткізеді, корпоративтік тренингтер ұйымдастырады, басқарушылар мен компания иелеріне компанияны дамыту, дағдарыстан шығу жөнінде кеңес береді, эмоциялық зорығумен жұмыс жасайды.

#
Номинация