#

Гүлзира Абдуллаева

«Тұран» универистетінің психология кафедрасының профессоры, Қазақстан

«Тұран» университетінің педагогика және психология профессоры, Қазақстан.

1995 жылдан 1998 жылға дейін — Абай атындағы АМУ психология кафедрасының оқытушысы.
1998-2000 жылдар аралығы — Алматы экономика университетігің оқу ісі жөніндегі проректоры.
2000 жылдан 2004 жылға дейін — Комерция және құқық Институнының (Мәскеу қаласы) Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры.
2004-2015 жылдар аралығы — Абай атындағы Қазақ ҰПУ педагогика және психология кафедрасының доценті.
2011-2012 жылдар аралығы — Абай атындағы Қазақ ҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі.
2015-2020 жылдар аралығы — Абай атындағы Қазақ ҰПУ педагогика және психология кафедрасының доценті.
2020 жылдың қыркүйек айынан бері — «Тұран» университетінің профессоры.

100-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстың авторы. Олардың арасында «Тұлғаның псиохогиялық-педагогикалық диагностикасы» (363 бет, 2021 жыл), «Ғылыми-психологиялық зерттеу әдістемесі» (125 бет, 2017 жыл) секілді оқу құралдары бар.

Балаларға арналған жыл сайынғы «Ғылымға қадам» ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастырушысы. «Мектеп пен ЖОО серіктестігі аясында жобалық-зерттеу алаңын құру» ғылыми жобасының жетекшісі.
2017 жылдан бері Ресей президенті жанындағы РХШжМҚА MBA бағдарламасының тыңдаушыларына «Басқару психологиясы» оқу курсы бойынша сабақ береді. Бұл бағдарламаны 70-тен аса адам (мемлекеттік қызметкерлер, жетекшілер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері) табысты аяқтаған.

2020 жылдан бері International Association of School Counseling-нің мүшесі, «Практикалық психология мен педагогика орталығы» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы.

Мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізудің авторлық жүйесін әзірлеген, оған жеке тұлғаны сипаттаудың Майерс-Бриггс тәсілі мен ҚР Білім беру бағдарламалар тобының классификаторына сәйкес авторлық сауалнама кіреді. «ХАТУ» АҚ бірлесе отырып, мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жобаларының байқауын іске қосқан.

#
Номинация